Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 «О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 548 · қабылданған 27.10.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-309-ekb-96268/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 «О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 548 ·27.10.2015
20.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 «О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 548 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 «О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
548
Қабылданған күні
27.10.2015
Көрсетілген редакция
20.05.2016 96268_134693.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012325
ЭКБ идентификаторы
96268
Редакция идентификаторы
96268_134693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:53

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламентінде:
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жобалар, олар кімнің құзыретін қозғайтын болса, құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған ілеспе хатпен сол құрылымдық бөлімшелерге және Министрліктің заң қызметіне келісуге жіберіледі.
Бұл ретте жобалардың әр парағына заң қызметінің басшысы не оның міндетін атқарушы қол қоятын ведомстволарды қоспағанда, жобалардың әр парағына Министрліктің тікелей орындаушысы мен әзірлеуші – құрылымдық бөлімшенің басшысы не оның міндетін атқарушы қол қояды.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Министрліктің өзі қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына және «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 53-1, 53-2, 53-3 және 53-4-тармақтарымен толықтырылсын:
«53-1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау үшін өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді.
Жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері Заң қызметі департаментімен бірлесіп 3 (үш) жұмыс күні ішінде жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілердің реттеу мәнімен байланысты заңға тәуелді актілерді талдайды.
Заңға тәуелді актілердің жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері Заң қызметі департаментімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар не олардың күшін жою бойынша шаралар қабылдайды.
Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпаратты Министрліктің әзірлеуші құрылымдық бөлімшесі бұл актілер қабылданғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне ұсынады.
Заң қызметі департаменті нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады.
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг Министрдің бұйрығымен бекітілген құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері ай сайын келесі айдың 5 күнінен кешіктірмей Заң қызметі департаментіне жіберіледі.
53-2. Заң қызметі департаменті алынған мәліметтерді қорытады және талдайды және Министрге, сондай-ақ Министрліктің жауапты хатшысына ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне қарай тұжырымдары мен ұсынымдары бар жиынтық ақпарат дайындайды.
53-3. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері бекітілген құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес мониторинг қорытындыларын толтырады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің корпоративтік порталында «Құқықтық мониторинг» кіші жүйесінде (бұдан әрі – жүйе) орналастырады.
Мониторинг үшін пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат жинау, есепке алу және сақтау мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері тұрақты негізінде Порталда нормативтік құқықтық актілерінің тіркелімдерін толтырады (қалыптастырады), және апта сайын есептіден кейінгі аптаның бірінші күні жүргізілген жұмыс бойынша мәліметті Заң қызметі департаментіне ұсынады.
Заң қызметі департаменті көрсетілген кіші жүйенің уақтылы толтырылуына тұрақты негізде бақылау жүргізеді.
53-4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының 16-тармағына сәйкес Заң қызметі департаменті тоқсан сайын Министр қабылдаған бұйрықтардың тізбесін Әділет министрлігіне ұсынады.»;
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін жіберуді «Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына сәйкес Министрліктің әзірлеуші құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
Министрліктің әзірлеуші құрылымдық бөлімшелері нормативтік құқықтық бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етеді.
Министрліктің әзірлеуші құрылымдық бөлімшелері нормативтік құқықтық бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде алғаннан кейін осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11194 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықпен сәйкес азақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді қамтамасыз етеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметі департаменті (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы