Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 "О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан"

Бұйрық · № 51 · қабылданған 08.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-309/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 "О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 51 ·08.02.2016
20.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 "О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 51 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 309 "О Регламенте Министерства финансов Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
08.02.2016
Көрсетілген редакция
20.05.2016 100064_134689.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013414
ЭКБ идентификаторы
100064
Редакция идентификаторы
100064_134689
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:36

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы

№ 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің регламентінде:
64-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрліктің әзірлеуші құрылымдық бөлімшелері нормативтік құқықтық бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11194 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберуді қамтамасыз етеді.»;
71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Жобаларды әзірлеу, ішкі келісу, ресімдеу, оларға қатысты Министрлік уәкілетті орган болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді және қызметтік құжаттарды жариялау және мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773, «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938, «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 және «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметі департаменті (М.Б. Әділханов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы