О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 704 «Об утверждении Правил формирования Единого государственного реестра новых технологий в строительстве»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 704 «Об утверждении Правил формирования Единого государственного реестра новых технологий в строительстве»
- Атауы (қаз.)
- «Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 07.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2026 206988_827246.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035712
- ЭКБ идентификаторы
- 206988
- Редакция идентификаторы
- 206988_827246
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:12
0 «Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 12413 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тізілімге жаңа технологиялар туралы мәліметтерді енгізу үшін құрылыс саласының субъектілері уәкілетті органның ведомствосына мынадай құжаттарды ұсынады:
құрылыстағы жаңа технология атауын Тізілімге енгізу туралы өтініш (еркін нысанда). Өтініште хронометраж жұмыстарын жүргізу орны мен күні көрсетіледі;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыстағы жаңа технологиялар туралы ақпарат.».