О внесении изменений и дополнений в решение Созакского районного маслихата от 19 марта 2015 года №241 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Созакского районного маслихата от 19 марта 2015 года №241 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №241 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 293
- Қабылданған күні
- 22.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2016 94759_272507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UL003365
- ЭКБ идентификаторы
- 94759
- Редакция идентификаторы
- 94759_272507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:17
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Созақ аудандық
мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №241 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Созақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №241 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3114 тіркелген, 2015 жылы 22 сәуірдегі «Созақ үні» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«6) аз қамтамасыз етілген отбасыларға біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
9 тармағы 10), 11), 12) тармақшаларымен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«10) күтім көрсетуге мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
«11) өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға біржолғы 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
«12) жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;».