О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 19 ноября 2015 года №308 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 19 ноября 2015 года №308 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау»
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 19 қарашадағы №308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 28.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2024 101740_695479.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TA003482
- ЭКБ идентификаторы
- 101740
- Редакция идентификаторы
- 101740_695479
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:55
0 Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 «Атырау қаласында
тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің
қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы19 қарашадағы №308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3389 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) 4 тармағындағы орыс тіліндегі мәтінінде «услуг» сөзінен кейін «и услуг связи» сөздерімен толықтырылсын;
2 2) 6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі».