О внесении изменения в решение Атырауского городского маслихата от 19 ноября 2015 года №308 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атырауского городского маслихата от 19 ноября 2015 года №308 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау»
- Атауы (қаз.)
- Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы №308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33
- Қабылданған күні
- 13.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2024 103714_695473.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TA003547
- ЭКБ идентификаторы
- 103714
- Редакция идентификаторы
- 103714_695473
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:47
0 Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы №308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3389 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:
5 тармақтағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Атырау қалалық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Атырау қалалық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын.