О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 10 «Об утверждении Правил классификации государственных услуг в электронной форме для определения способа аутентификации услугополучателя»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 10 «Об утверждении Правил классификации государственных услуг в электронной форме для определения способа аутентификации услугополучателя»
- Атауы (қаз.)
- «Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 372
- Қабылданған күні
- 17.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2017 117415_279222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016126
- ЭКБ идентификаторы
- 117415
- Редакция идентификаторы
- 117415_279222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:36
0 «Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13191 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларында:
1-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсаттама құжаттарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және композиттік қызметтерге «логин/пароль + ЭЦҚ» сәйкестендіру тәсілі қолданылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «____» _________