Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 19 апреля 2016 года № 13 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Ереже · № 299 · қабылданған 29.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2016-no-13-ekb-132214/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 19 апреля 2016 года № 13 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 299 ·29.05.2019
15.05.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 19 апреля 2016 года № 13 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 299 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 19 апреля 2016 года № 13 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
299
Қабылданған күні
29.05.2019
Көрсетілген редакция
15.05.2024 132214_700482.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19NF008493
ЭКБ идентификаторы
132214
Редакция идентификаторы
132214_700482
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:44

0 Мәслихаттың 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 13 шешіміне (2016 жылғы 3 маусымда «Аманкелді арайы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6377 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы