Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 134 «Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах»

Бұйрық · № 340 · қабылданған 20.09.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2016-no-134/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 134 «Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах» Күшін жойған Бұйрық ·№ 340 ·20.09.2021
01.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 134 «Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 340 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 134 «Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах»
Атауы (қаз.)
«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
340
Қабылданған күні
20.09.2021
Көрсетілген редакция
01.07.2023 158868_639201.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024482
ЭКБ идентификаторы
158868
Редакция идентификаторы
158868_639201
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:40

0 «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы

19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
2) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.»;
6-тармақ алып тасталсын;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

1 Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 340 Бұйрыққа
1-қосымша
Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау
мен айқындау
қағидаларына 1-қосымша
Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________
Туған күні _______________________________________________________
Бағалау күні _____________________________________________________
Негіздеме ________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________
__________________________________________________________________

Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
Өзіне-өзі қыз­мет
көр­се­ту­ді ба­ға­лау
Бел­гі
(+ неме­се -)
1
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Қа­жет­ті жағ­дай­лар жа­сал­ған кез­де өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бі­ре­удің кө­ме­гі­мен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
2
Өзді­гі­нен жү­ріп-
тұ­ру қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың және же­ке өмек­ші­нің кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
3
Оқу қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы оқу қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ла­рын­да кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы оқу қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
4
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Маз­мұн­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­лет­сіз­ді­гі неме­се бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу

2 Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 340 Бұйрыққа
2-қосымша
Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтерге
мұқтаждықты бағалау мен
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
Туған күні _________________________________________________________
Бағалау күні _______________________________________________________
Негіздеме __________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ___________________________________
____________________________________________________________________

Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі
Дә­ре­же­сі
Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті­нің шек­те­луі
Бел­гі
(+ неме­се -)
1
Өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Оқу про­це­сі­нің ар­найы ре­жи­мін сақ­тай оты­рып және/неме­се кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен жал­пы үл­гі­де­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Тек ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ла­рын­да ар­найы бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз бе­тін­ше оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
2
Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Бі­лік­ті­лік­тің тө­мен­деу неме­се өн­ді­рі­стік қыз­мет кө­ле­мі­нің азаю жағ­дай­ла­рын­да, өз кә­сі­бі бой­ын­ша жұ­мысты орын­дау мүм­кін бол­ма­ған кез­де ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­дау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды және/неме­се ар­найы жаб­дық­тал­ған жұ­мыс ор­нын пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­дау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­да­у­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
3
Бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну жағ­дай­ын­да өзін-өзі бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гін қа­жет ете­тін өз бе­тін­ше бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз бе­тін­ше бағ­дар­лау қа­бі­лет­сіз­ді­гі
4
Қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Ақ­па­рат­ты тү­сі­ну, қа­был­дау, бе­ру  жыл­дамды­ғы­ның тө­мен­де­уі, кө­ле­мі­нің аза­юы ар­қы­лы си­патта­ла­тын өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Екін­ші
Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­са­у­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі
5
Өз мі­нез-құл­қын ба­қы­лау қа­бі­ле­ті
Бі­рін­ші
Өз мі­нез-құл­қын дер­бес ба­қы­лау қа­бі­ле­ті­нің іші­на­ра тө­мен­де­уі
Екін­ші
Өз мі­нез-құл­қын тек бөгде адам­дар­дың кө­ме­гі­мен іші­на­ра неме­се то­лық­тай дер­бес ба­қы­лау қа­бі­ле­ті
Үшін­ші
Өз мі­нез-құл­қын дер­бес ба­қы­лау қа­бі­лет­сіз­ді­гі

Қолданыстағы