Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 19 февраля 2016 года № 176/3 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»

Қаулы · № 1139/28 · қабылданған 31.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2016-no-1763-ekb-107772/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 19 февраля 2016 года № 176/3 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором» Күшін жойған Қаулы ·№ 1139/28 ·31.10.2016
28.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 19 февраля 2016 года № 176/3 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»

Күшін жойған Қаулы ·№ 1139/28 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 19 февраля 2016 года № 176/3 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и определении бюджетных программ и товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 176/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1139/28
Қабылданған күні
31.10.2016
Көрсетілген редакция
28.12.2018 107772_383908.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PA005278
ЭКБ идентификаторы
107772
Редакция идентификаторы
107772_383908
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:23

0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы

19 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай
ұйымдастырушысын анықтау және
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы
орындалатын бюджеттік бағдарламаларды
және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді
айқындау туралы» № 176/3 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы» № 176/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4992 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурызда № 11 «Регион KZ» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының мемлекеттік тілдегі кіріспеде «алулар» сөзі «алу» сөзіне ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
осы қаулының Павлодар қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Павлодар қаласы әкімінің аппараты осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Балашовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Павлодар қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 31 қазандағы
№ 1139/28 қаулысына қосымша
Павлодар қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 176/3 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар
және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№ р/с
Атауы
1.
Қалалық атқарушы органдардың бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейтін бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2.
Қалалық атқарушы органдармен көзделген коммуналдық меншік объектілерін салу, қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу

Қолданыстағы