О внесении изменения в постановление акимата Мунайлинского района от 19 октября 2016 года № 229-қ «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Мунайлинского района от 19 октября 2016 года № 229-қ «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 229-қ «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 234-қ
- Қабылданған күні
- 09.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2021 146249_522823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20MG004285
- ЭКБ идентификаторы
- 146249
- Редакция идентификаторы
- 146249_522823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:54
0 Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 229-қ «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 05-10-529 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 229-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3178 болып тіркелген, 2016 жылы 17 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б.Біләловке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Мұнайлы ауданының әкімдігінің
2016 жылғы 19 қазандағы
№ 229-қ қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша)
709
4
28
2
Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
136
3
4
3
Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
225
3
7
4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
271
4
11
5
Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
222
3
7
6
Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№ 9 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
298
4
12
7
Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№ 10 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
398
4
16
8
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№ 12 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
359
4
14
9
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№ 13 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
170
3
5