Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2016 года № 234 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»

Қаулы · № 628 · қабылданған 26.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2016-no-234/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2016 года № 234 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства» Күшін жойған Қаулы ·№ 628 ·26.08.2019
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2016 года № 234 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 628 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 2016 года № 234 «О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства»
Атауы (қаз.)
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
628
Қабылданған күні
26.08.2019
Көрсетілген редакция
01.01.2020 134264_441633.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000628
ЭКБ идентификаторы
134264
Редакция идентификаторы
134264_441633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:43

0 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарлама және Тетік бойынша жергілікті және (немесе) республикалық бюджет қаражаты есебінен:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді);
кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өзара жасалатын субсидиялау үшін қаражат аудару шарты (бұдан әрі – қаражат аудару шарты) негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.»;
105-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«105-1. Бағдарлама/Тетік шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аудару шартына сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты:
Бағдарлама бойынша − облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі Бағдарлама шеңберінде өзара жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Агроөнеркәсіптік кешендегі, өңдеу өнеркәсібіндегі өңдеу және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде көрсетілетін қызметтер ұсыну бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде бөлінетін республикалық бюджет қаражаты Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру құралына бағытталуы мүмкін. Қаржы агенттігі өңірлердің қажеттілігіне қарай алынған қаражатты бөлуді дербес жүзеге асырады. Кепілдік беру құралына арналған Шарт бойынша бөлінген және қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражат кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға қайтарылады.
Тетік шеңберінде кепілдік жағдайы (кепілдік бойынша төлем) туындаған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жылына кемінде екі рет қаржы агенттігі мен уәкілетті орган арасында жасалған Тетік шеңберінде кепілдік беру үшін қаражат аударуға арналған келісімнің негізінде қаржы агенттігіне республикалық бюджеттен жобалар бойынша қаржы агенттігі орындаған талаптың 100 %-ы мөлшерінде төлем жүргізеді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы