Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 28 «Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Отчет о назначении и выплате возмещений затрат на обучение на дому детей-инвалидов»

Бұйрық · № 414 · қабылданған 03.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2016-no-28-ekb-159995/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 28 «Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Отчет о назначении и выплате возмещений затрат на обучение на дому детей-инвалидов» Қолданыста Бұйрық ·№ 414 ·03.11.2021
03.11.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 28 «Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Отчет о назначении и выплате возмещений затрат на обучение на дому детей-инвалидов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 414 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 28 «Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Отчет о назначении и выплате возмещений затрат на обучение на дому детей-инвалидов»
Атауы (қаз.)
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
414
Қабылданған күні
03.11.2021
Көрсетілген редакция
03.11.2021 159995_544359.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025033
ЭКБ идентификаторы
159995
Редакция идентификаторы
159995_544359
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:08

0 «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13 109 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М.Әукеновке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

1 Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 3 қарашадағы
№ 414
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 28
бұйрығына қосымша
әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/212699?lang=kk
Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан
Индексі: 2-шығындарды өтеу
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын адамдар тобы: Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ұсыну мерзімі: Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі 15-күні
Жол ко­ды
Аумақ
Үй­де оқи­тын мү­ге­дек ба­ла­лар, адам
Есеп­ті ке­зең­нің ба­сы­на тө­лен­бе­ген со­ма, мың тең­ге
есеп­ті тоқ­сан ішін­де
та­ғай­ын­дал­ды
тө­лен­ді
бар­лы­ғы
оның ішін­де
алушы­лар, адам
со­ма­сы, мың тең­ге
ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
алушы­лар, адам
со­ма­сы, мың тең­ге
ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
ұл­дар
қы­здар
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Ауыл­дық жер­лер бой­ын­ша бар­лы­ғы
2
Қа­ла­лық жер­лер бой­ын­ша бар­лы­ғы
3
Об­лыс бой­ын­ша бар­лы­ғы
Кесте­нің жал­ға­сы
жыл ба­сы­нан бер­гі ке­зең ішін­де
та­ғай­ын­дал­ды
тө­лен­ді
алушы­лар, адам
со­ма­сы, мың тең­ге
ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
алушы­лар, адам
со­ма­сы, мың тең­ге
ор­та­ша ай­лық мөл­ше­рі, тең­ге
11
12
13
14
15
16
* Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес
толтырылады
Басшы ______________________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы __________________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушының телефоны ______________________________________________
Ұйымның мекен-жайы __________________________________________________
Ұйымның телефоны ____________________________________________________
М.О.

2 «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша
«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне ұсынады.

2 2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеуге мониторинг жүргізуді жүзеге асыру болып табылады.

3 3. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2 2. Мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

4 4. Нысанның 1-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедек балалардың жалпы саны көрсетіледі;

5 5. Нысанның 2-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедек ұл балалардың саны көрсетіледі;

6 6. Нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің соңындағы үйде оқитын мүгедек қыз балалардың саны көрсетіледі;

7 7. Нысанның 4-бағанында мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің есепті кезеңнің басына төленбеген сомасы көрсетіледі;

8 8. Нысанның 5-10-бағанындарында есепті тоқсан ішіндегі барлық мәліметтер көрсетіледі:

а

а) Нысанның 5-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;

ә

ә) Нысанның 6-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;

б б) Нысанның 7-бағанында есепті тоқсан ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;

в

в) Нысанның 8-бағанында есепті тоқсан ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;

г

г) Нысанның 9-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш берушіні есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;

ғ ғ) Нысанның 10-бағанында есепті тоқсан ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі;

9 9. Нысанның 11-16-бағандарында жыл басынан бергі барлық мәліметтер көрсетіледі:

а

а) Нысанның 11-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тағайындалған адамдардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;

ә ә) Нысанның 12-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;

б б) Нысанның 13-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде тағайындалған мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 12-бағанды 11-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады;

в

в) Нысанның 14-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу төленген алушылардың саны көрсетіледі. Бұл ретте әрбір нақты өтініш беруші есепті кезең ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге қайталап берген өтініштерінің санына қарамастан, бір рет қана есепке алынып, бір рет қана енгізіледі;

г г) Нысанның 15-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің жалпы сомасы көрсетіледі. Ол тағайындалған тоқсан сайынғы сомаларды қосу жолымен айқындалады;

ғ ғ) Нысанның 16-бағанында жыл басынан бергі кезең ішінде төленген мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің орташа айлық мөлшері көрсетіледі, оның мәні 15-бағанды 14-бағанға және көрсетілген кезең ішіндегі айлардың санына бөлу арқылы айқындалады.

Қолданыстағы