О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления сведений о своей деятельности неправительственными организациями и формирования Базы данных о них»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления сведений о своей деятельности неправительственными организациями и формирования Базы данных о них»
- Атауы (қаз.)
- «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 175
- Қабылданған күні
- 06.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2017 117221_275916.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016166
- ЭКБ идентификаторы
- 117221
- Редакция идентификаторы
- 117221_275916
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:58
0 «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы
19 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 наурызда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына және
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы
12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4 4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5 5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2017 жылғы 14 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
___________ М. Бекетаев
2017 жылғы 15 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 12 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
___________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы 15 желтоқсан
0 Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрінің
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 175 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
қосымша
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін
ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметтері жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және дерекқорын үкіметтік ұйымдардың қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланады:
1 1) үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).
2
2) Үкіметтік емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрі – Дерекқор) – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;
2 2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну тәртібі
3
3. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 31 наурызға дейін қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.
Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезең үшін ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы іске асырылатын жобалар жөніндегі ақпараты бар өз қызметтері туралы мәліметтерін ұсынады.
Есепті кезең Дерекқорға мәліметтер ұсыну жылының алдындағы күнтізбелік жылы деп түсіндіріледі.
Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
4 4. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер уәкілетті органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен жолдайды.
5 5. Үкіметтік емес ұйымдар мәліметтер туралы веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынған жағдайда, мәліметтер заңды тұлғаға берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
6 6. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар және өкілеттіктер) бар үкіметтік емес ұйымдар осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте филиалдар немесе өкілеттіктер туралы мәліметтерді ұсынады.
7
7. Осы Қағидаларда 1-қосымшада I, II және VII бөлімнің 1-кестесінде көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, үкіметтік емес ұйымдар негіздемесі бар өзгертілген мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электронды түрде веб-портал арқылы осындай өзгерістер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынады.
3 3-тарау. Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі
8 8. Уәкілетті органдар үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
9 9. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.
Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады.
Осы Қағиданың көрсетілген 1-қосымшасына сәйкес мәліметті толық ұсыну, бұл барлық кестені толтыру болып табылады.
Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді толық ұсыну уәкілетті органға жолдау күннің шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтерді анық емес деп тану үшін негіздеме болып саналмайды.
10 10. Уәкілетті орган үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтердің келіп түсуіне қарай он бес жұмыс күн ішінде Дерекқорды жаңартады.
11 11. Үкіметтік емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімінен үкіметтік емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
12
12. Дерекқорға ұсынатын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуірге дейін аумақтық әділет органдарынан және мемлекеттік кірістер органдарынан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен үкіметтік емес ұйымдар туралы (тіркеу/қайта тіркеу күні, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректері, соңғы есепті мерзімге салықтық есеп беру күні) қорытынды мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде, пошта арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.
0.1 Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жөніндегі мәліметтер
Үкіметтік емес ұйымдар
өз қызметтері жөніндегі
мәліметтерді ұсыну және
олар туралы дерекқорды
қалыптастыру қағидасына
1-қосымша
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі
жөніндегі мәліметтер
Индекс: ҮЕҰҚМ-1
Кезеңділігі: жылдың есепті кезеңнен кейін жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде.
Ұсынатын топтар: үкіметтік емес ұйымдар
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті
1-кесте
I бөлім. Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер*
1
БСН:
(12 цифр)
2
Мәліметті ұсыну бойынша есепті кезең:
жыл
3
ҮЕҰ ұйымдастыру-құқықтық нысаны (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)
мекеме
жеке қор
жеке мекеме
корпоративтік қор
қоғамдық бірлестік
қоғамдық қор
коммерциялық емес акционерлік қоғам
ЗТБ қауымдастық (одақ) нысанындағы
халықаралық және шетелдік коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары
4
ҮЕҰ атауы:
5
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты:
6
ҮЕҰ орналасқан өңірі (тиісті ұяшықты Х көрсетіңіз)
Астана
Батыс Қазақстан облысы
Алматы
Қарағанды облысы
Ақмола облысы
Қостанай облысы
Ақтөбе облысы
Қызылорда облысы
Алматы облысы
Маңғыстау облысы
Атырау облысы
Павлодар облысы
Шығыс Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл облысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
7
ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)
8
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні
Нөмірі
Күні
II бөлім. Үкіметтік емес ұйымдардың байланыс деректері
9
Электрондық пошта
10
Телефон нөмірі
11
Сайт мекенжайы
III бөлім. Еріктілер мен қызметкерлер туралы мәліметтер
12
Штаттық қызметкерлердің саны
13
Еріктілер саны
14
Шетелдік қызметкерлер саны
IV бөлім. Қызметтің бағыты
15
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтік бағыты (керек торды Х көрсетіңіз):
білім және ғылым
ақпарат саласы
дене шынықтыру және спорт
салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау
қоршаған ортаны қорғау
жастар саясатын қолдау және балаларды қорғау
демография мәселелерін шешу
гендерлік мәселелер
халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау
көпбалалы, толық емес отбасы жанұяларға және жетім балаларға көмек
азаматтардың жұмысқа орналастыруына көмектесу
азаматтардың, ұйымдардың заңды мүдделерін мен құқықтарын қорғау
мәдениетті және өнерді дамыту
тарихи-мәдени мұраны қорғау
ұлттық бірлікті және қоғамдық келісімді нығайту
есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу
мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу
16
Үкіметтік емес ұйым қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес):
17
Мақсатты аудитория/атаулы топ:
V бөлім. ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер (сомасы, теңге)
18
Депозит бойынша сыйақылар
19
Гранттар
20
Өтеусіз алынған мүлік
21
Кіріспе жарналары
22
Мүшелік жарналар
23
Қайырымдылық көмек
24
Демеушілік көмек
25
Өтеусіз негізіндегі аударымдар
26
Қайырымдылық
27
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс
28
ҮЕҰ сыйлықақылары
29
Басқа да кірістер
30
Барлығы:
VI бөлім. Есептік кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстар, (сомасы, теңге)
31
Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау шығындары
32
Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу
33
Ақпараттық материалдарды әзірлеу мен ұйымдастыру
34
Сыйақы
35
Қайырымдылық көмек
36
Демеушілік көмек
37
Өтеусіз негізіндегі аударымдар
38
Кіріспе жарналары
39
Мүшелік жарналар
40
Өтеусіз алынған мүлік
41
Қайырымдылық
42
Барлығы:
VII бөлім. Бюджет (сомасы, теңге) (шетелдік және халықаралық ұйымдар немесе филиалдармен толтырады)
43
Есепті кезең бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті (егер жобаны және/немесе бағдарламаны филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса)
44
Ағымдағы күнтізбелік жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландыру бюджеті (филиал немесе өкілдік тарапынан гранттар Қазақстан Республикасында бөлінген жағдайда және тиісті бекітілген бюджет болған жағдайда)
Ескерту:
*егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе «жоқ»
деп белгіленеді.
Қолданылған қысқартылған сөздер:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым
ЗТБ – заңды тұлға бірлестігі
2-кесте
№
Атауы
БСН
Орналасқан жері
Басшының АТӘ (болған жағдайда)
Тіркелген күні
Тіркелген нөмірі
Телефон нөмірі, электрондық пошта, сайт мекенжайы
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Ескерту:
*егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе «жоқ» деп белгіленеді.
Қолданылған қысқартылған сөздер:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты
3-кесте
№
Жобаның/бағдарламаның атауы
Донор ұйымының тапсырыс берушініңжобаның/ бағдарламаның грант берушінің БСН
Қаржыландыру көзі
(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық)
Жобаның бағыты (1-кестенің 15-тармағын таңд аңыз)
Жоба/бағдарламалар мақсаты
Жобаны іске асырған өңір (облыс)
Жалпы бюджет жобасы (теңге)
Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге)
Жобаны іске асыру кезеңі
Жоба/бағдарламаларды қоса орындаушының атауы
Жобаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат
бастап
қоса алғанда
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1
Ескерту:
*егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе «жоқ» деп белгіленеді.
Қолданылған қысқартылған сөздер:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
4-кесте
№
Филиалдар атауы (өкілдіктер)
Жобаның/бағдарламаның атауы
Донор ұйымының тапсырыс берушінің, жобаның/бағдарламаның грант берушінің БСН
Қаржыландыру көзі
(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік, коммерциялық, өзін-өзі қаржыландыру, коммерциялық)
Жобаның бағыты («Қызмет бағыты», бөлімінен 1-кесте 15-тармағынан негізгі сауалнаманы таңдаңыз)
Жобаны іске асырған өңір (облыс)
Жобаның жалпы бюджеті (теңге)
Есепті кезеңде жобаны қаржыландыруға алынған (теңге)
Жобаны іске асыру кезеңі
Жобаның орындалуы туралы қысқаша ақпарат
бастап
қоса алғанда
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
Ескерту:
*егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе «жоқ» деп белгіленеді.
Қолданылған қысқартылған сөздер:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
5-кесте
№
Атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)
Заңды немесе жеке тұлға екендігін көрсетіңіз:
БСН / ЖСН
1
2
3
4
1
Ескерту:
*егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе «жоқ» деп белгіленеді.
Қолданылған қысқартылған сөздер:
АТӘ – аты, тегі, әкесінің аты
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі
6-кесте
№
Атауы
Түрі
(мемлекет, мемлекеттік орган, ҮЕҰ, коммерциялық ұйым)
БСН
(немесе шетелдік ұйымдар, органдар үшін ұқсастық)
1
2
3
4
1
Ұсынған мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын растаймын:
Басшы ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Орындаушы ____________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Мөр орны
Ескерту:
*егер деректер мүлде болмаса, сызықша қойылып немесе «жоқ» деп белгіленеді.
Қолданылған қысқартылған сөздер:
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым
БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі
0.2 Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз
қызметтері жөніндегі мәліметтерін
ұсыну және олар туралы дерекқорды
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме