О внесении дополнения в решение Мактааралького районного маслихата от 19 июля 2016 года № 6-43-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение Мактааралького районного маслихата от 19 июля 2016 года № 6-43-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-43-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17-139-VI
- Қабылданған күні
- 15.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2018 115151_689821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UG004223
- ЭКБ идентификаторы
- 115151
- Редакция идентификаторы
- 115151_689821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:52
0 Мақтарал аудандық мәслихатының
2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-43-VI
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасын бекіту туралы»
шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Мақтарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мақтарал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі №6-43-VІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3830 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда «Мақтаарал» газетінде және 2016 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынандай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақ мынадай 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) әлеуметтік такси қызметін ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын мүгедек балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін ай сайын 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».