О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата от 19 сентября 2016 года № 6С-5-3 «Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акмолинского областного маслихата от 19 сентября 2016 года № 6С-5-3 «Об утверждении Правил подготовки и проведения отопительного сезона в Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 «Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7С-2-7
- Қабылданған күні
- 10.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2021 153434_513016.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21B0008384
- ЭКБ идентификаторы
- 153434
- Редакция идентификаторы
- 153434_513016
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:17
0 Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 «Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5579 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазанда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларында:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;
сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;
энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;
кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұруына (болуына) жағдайлар жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені»;
26 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«26. Электр станциясы, жылу тораптары мен электр энергетикалық кәсіпорындардың электр желілерінің қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 тіркелген) аясында айқындалады.».