Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 19 апреля 2016 года №2-7 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе»

Өзге акт · № 3-5 · қабылданған 18.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2016-no2-7/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 19 апреля 2016 года №2-7 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-5 ·18.05.2016
13.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 19 апреля 2016 года №2-7 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-5 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Сырымского районного маслихата от 19 апреля 2016 года №2-7 «О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Сырымском районе»
Атауы (қаз.)
Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7 «Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-5
Қабылданған күні
18.05.2016
Көрсетілген редакция
13.02.2020 103122_444266.kaz
Соңғы өзгеріс
13.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16ZJ004449
ЭКБ идентификаторы
103122
Редакция идентификаторы
103122_444266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:07

0 Сырым аудандық мәслихатының

2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7
«Сырым ауданында жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Сырым аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №2-7 «Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4388 тіркелген, 2016 жылғы 12 мамырдағы «Сырым елі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу бойынша қосымша реттеу тәртібінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы тәртіптің 4-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда (сөз – процедуралық талаптар жөнінде), ол жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда Әкімдікпен жол берілген кемшілікті жаңа өтініш беру жолымен жоюды ұсына отырып, түсіндіру мазмұнындағы ресми жауап қайтарады. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.».
8-тармақтың 6), 7) - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда жиналысқа, митингке, шеруге, пикетке немесе демонстрацияға қатысуға;»;
«7) қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты
қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғуға үндеу мазмұндағы транспаранттарды,
ұрандар және басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға,
көпшілік алдында сөз сөйлеуге;».

2 2. Аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А.Орашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы