О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 19 сентября 2017 года № С-14/3 «Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Кокшетау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокшетауского городского маслихата от 19 сентября 2017 года № С-14/3 «Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории города Кокшетау»
- Атауы (қаз.)
- Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 «Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-19/11
- Қабылданған күні
- 20.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2018 120328_379696.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BA006524
- ЭКБ идентификаторы
- 120328
- Редакция идентификаторы
- 120328_379696
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:14
0 Көкшетау қалалық мәслихатының
2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3
«Көкшетау қаласының аумағында
қызметін жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін бірыңғай
тіркелген салық мөлшерлемелерін
белгілеу туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № С-14/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6095 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жана редакцияда баяндалсын:
«Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы»;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
««Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 546 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қаласының әкімі
____________Е.Маржықпаев
2018 жылғы «20» наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Б.Каримов
2018 жылғы «20» наурыз
3 Көкшетау қалалық мәслихатының
2018 жылғы 20 наурыздағы
№ С-19/11 шешiміне қосымша
Көкшетау қалалық мәслихатының
2017 жылғы 19 қыркүйектегі
№ С-14/ 3 шешiміне қосымша
Көкшетау қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
№ р/с
Салық салу объектiсiнiң атауы
Тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері (айлық есептiк көрсеткiштермен)
1
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
4
2
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
5
3
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2,5
4
Ойын жолы
40
5
Карт
5
6
Бильярд үстелi
9