Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 июня 2017 года № 361 «Об утверждении Методики оценки потребности в обслуживании воздушного движения»

Бұйрық · № 586 · қабылданған 21.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2017-no-361/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 июня 2017 года № 361 «Об утверждении Методики оценки потребности в обслуживании воздушного движения» Қолданыста Бұйрық ·№ 586 ·21.10.2022
21.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 июня 2017 года № 361 «Об утверждении Методики оценки потребности в обслуживании воздушного движения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 586 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 июня 2017 года № 361 «Об утверждении Методики оценки потребности в обслуживании воздушного движения»
Атауы (қаз.)
«Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
586
Қабылданған күні
21.10.2022
Көрсетілген редакция
21.10.2022 173288_598912.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030338
ЭКБ идентификаторы
173288
Редакция идентификаторы
173288_598912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:19

0 «Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15364 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-2-тармағына сәйкес әзірленген және әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау үшін қолданылады.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушының 2022 жылғы 21
қазандағы № 586
Бұйрыққа қосымша
Әуе қозғалысына қызмет
көрсетуге қажеттілікті бағалау
әдістемесіне қосымша
ӘҚК түрлерінің күрделілігі мен олардың қажеттілігін айқындау сыныптамасы
1-кесте. ӘҚК түрлерінің күрделілік сыныптамасы
ӘҚК түрі
Күрделілік деңгейі
Маршрут бойынша ұшу кезеңі
Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету (жақындау диспетчерлік қызмет көрсету)
Айтарлықтай күрделі
Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету
Күрделі емес
Әуеайлақ ауданында ұшу кезеңі
Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету
Айтарлықтай күрделі
Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету
Күрделі емес
2-кесте. Ұшу түрі мен метеорологиялық жағдайға қарай маршрут бойынша ұшу кезеңі үшін ӘҚК түрінің қажеттілігі
ӘҚК түрі
Өлшемдер
Халықаралық ұшу
Тұрақты рейс
Аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша ұшу (АҰҚ)
ҰКҚ ұшу қағидалары бойынша ұшу (ВҰҚ)
Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету:
1. Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету
+
+
+
-
2. Жақындау диспетчерлік қызмет көрсету
+
+
+
-
Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету
+
+
+
+
Авариялық хабарлау
+
+
+
+
Маршруттағы ұшу кезеңі үшін ӘҚК түрі қажетігінің ұшу түрі және әуе қозғалысының метеорологиялық жағдайға байланысты «+» белгісімен көрсетіледі.
* Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету «ауа-жер» тұрақты радиобайланыс болған кезде және аэронавигациялық ұйым жүргізген тәуекелді бағалауға сәйкес қамтамасыз етіледі.
3-кесте. Әуеайлақ мәртебесіне, сондай-ақ ұшу қарқындылығына (санына) қарай ӘҚК түріне қажеттілік
ӘҚК түрі
Өлшемдер
Әуеайлақтағы ұшу қарқындылығы (ұшу-қону операцияларының бір жылдағы саны *)
Басқа факторлар (әуеайлақты сертификаттау)
Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету
+ (сертификатталған 24 немесе одан асатын жолаушылар орны бар әуе кемелерінде ВҰҚ бойынша 10 000 асатын немесе АҰҚ бойынша 1500 немесе одан асатын немесе АҰҚ бойынша тұрақты ұшу немесе ВҰҚ бойынша тұрақты ұшу жағдайында)
+ (ИКАО I-III санаты бойынша сертификатталатын барлық)
Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық диспетчерлік қызмет көрсету
+ (сертификатталған 19 немесе одан асатын жолаушылар орны бар әуе кемелерінде ВҰҚ бойынша 5000 асатын немесе АҰҚ бойынша 500 немесе одан асатын немесе ВҰҚ бойынша тұрақты ұшу жағдайында)
+ (барлық қалған сертификатталған әуеайлақтар)
* бір жылда ұшып-қону операцияларының саны ӘҚК қажеттілігін бағалау алдындағы күнтізбелік үш жылдың нәтижелері бойынша орташа ретінде айқындалады. Қайта ашылатын әуежайлар үшін бағалау әуеайлақты әлеуетті пайдаланушылармен кеңесу негізінде анықталған әуеайлақты пайдаланушыларды болжамды деректері бойынша жүзеге асырылады;
Әуе айлақтың сертификатталуына, сондай-ақ әуе қозғалысының қарқындылығына (санына) байланысты ӘҚК түрінің қажетігі «+» белгісімен көрсетіледі;
ӘҚҚ бақылау жүйесіне қажеттілікті аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші айқындайды. Мұндай қажеттілік әуе қозғалысының тығыздығы (қарқындылығы) рәсімдік эшелондауды қолдану ӘҚҚ органдары тарапынан әуе кемелерінің кідіруіне әкеп соқтыратындай болғанда туындайды.

Қолданыстағы