О внесении изменений и дополнения в решение Талдыкорганского городского маслихата от 19 апреля 2017 года № 96 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Талдыкорганского городского маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Талдыкорганского городского маслихата от 19 апреля 2017 года № 96 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Талдыкорганского городского маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі «Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 96 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 27.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2018 116011_311079.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17DA004343
- ЭКБ идентификаторы
- 116011
- Редакция идентификаторы
- 116011_311079
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:47
0 Талдықорған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі «Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 96 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Талдықорған қалалық мәслихатының «Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 96 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4205 тіркелген, 2017 жылдың 12 мамырында «Талдықорған» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
17, 18-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
«17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсу тәртібімен «+1»-ден «+5» балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Бигужанов Тимур Капасовичке жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Талдықорған қалалық
мәслихатының 2017 жылғы
«27» қыркүйектегі № 119
шешіміне қосымша
Талдықорған қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» кораусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне 1-1-қосымша
Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері үшін балл шәкілдері
Балдар
Көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері
5 балл
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына уақытылы түзетулер енгізу
Қалалық мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдында беретін есебіне материалдарды, баяндамаларды сапалы және уақытылы дайындау
Басқа мемлекеттік органдардың тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау
Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында мемлекеттік органның тиімді қызметін атқаруы үшін ұсыныстар енгізу
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір көзден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу
Сайлау округтерінің тұрғындарымен қалалық мәслихат депутаттарының кездесуін ұйымдастыру және өткізу
4 балл
Аттестациялық, конкурстық, тәртіптік және бағалау комиссиясының қызметін сапалы ұйымдастыру
Кезекшілік, шұғыл тапсырмаларды орындау үшін жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері жұмысқашығу
Қаржы-шаруашылық қызметтің жиынтық жоспарын, бюджеттік жоспарды, қаржыландырудың жеке жоспарларын құру, бекіту
және орындау
Мұрағатқа құжаттарды сапалы өңдеп, өткізу
Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін өтініштерді қарау
3 балл
Жұмыста уақытша жоқ мемлекеттік қызметшінің лауазымдарын қоса атқару және міндеттерін орындау (10 жұмыс күннен кем емес)
Қалалық мәслихаттың және тұрақты комиссияларының қызметі туралы мақалалар, жарияланымдар мен ақпараттар дайындау
Оқытуға жататын мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерін оқытумен уақытылы қамтамасыз ету
2 балл
Ақпаратты қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына және бұқаралық ақпарат құралдарына уақытылы жариялау
Тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру
Мемлекеттік органның өз ерекшелігіне сәйкес жұмысында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру
1 балл
Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу (спорттық және мәдени шаралар)
Қалалық мәслихаттың атынан құттықтау, құрмет және алғыс хаттарының мәтіндерін дайындау
Қалалық мәслихаттың сессияларында, тұрақты комиссиялар отырыстарында және аппарат өткізген іс-шараларда бейне және фото түсіру