О внесении изменений в решение Индерского районного маслихата «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Индерского района» от 19 марта 2018 года № 187-VI
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Индерского районного маслихата «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат маслихата Индерского района» от 19 марта 2018 года № 187-VI
- Атауы (қаз.)
- «Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 187-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89-VII
- Қабылданған күні
- 23.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2023 164815_632404.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22TF00089M
- ЭКБ идентификаторы
- 164815
- Редакция идентификаторы
- 164815_632404
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:22
0 «Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 187-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Индер аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Индер ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 187-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4108 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Индер аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.