О внесении изменений в решение маслихата от 19 марта 2018 года № 197 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Житикаринского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 19 марта 2018 года № 197 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Житикаринского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 197 «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 18.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2023 164615_678969.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NJ00131M
- ЭКБ идентификаторы
- 164615
- Редакция идентификаторы
- 164615_678969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:26
0 Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 197 «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 197 «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 19 наурыздағы № 197 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7647 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі - НМИ) - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";
42-тармақ алынып тасталсын.