О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 19 марта 2018 года № 20-3/1 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Кокпектинского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 19 марта 2018 года № 20-3/1 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Кокпектинского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 50-3/1
- Қабылданған күні
- 09.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2023 146528_631263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VO007555
- ЭКБ идентификаторы
- 146528
- Редакция идентификаторы
- 146528_631263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:55
0 Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 20-3/1 «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5583 тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiнде:
2 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;»;
4 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.»;
15 тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.»;
16 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.»;
17 тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.»;
18 тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады:»;
29 тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілінде өзгермейді;
41 тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.»;
43 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгермейді:
«2) «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.».