Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2018 года № 236 «Об утверждении Правил регистрации или отказа в регистрации пассажирской таможенной декларации»

Бұйрық · № 691 · қабылданған 28.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2018-no-236/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2018 года № 236 «Об утверждении Правил регистрации или отказа в регистрации пассажирской таможенной декларации» Қолданыста Бұйрық ·№ 691 ·28.07.2020
28.07.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2018 года № 236 «Об утверждении Правил регистрации или отказа в регистрации пассажирской таможенной декларации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 691 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 февраля 2018 года № 236 «Об утверждении Правил регистрации или отказа в регистрации пассажирской таможенной декларации»
Атауы (қаз.)
«Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
691
Қабылданған күні
28.07.2020
Көрсетілген редакция
28.07.2020 145186_474603.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021027
ЭКБ идентификаторы
145186
Редакция идентификаторы
145186_474603
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:23

0 «Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16483 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық нысандағы жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу (оның электрондық нұсқасын енгізгенге дейін экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қоспағанда) осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тіркеу нөмірін осындай декларацияға беру жолымен жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларация қағаз тасымалдағышында берілген жағдайда уәкілетті лауазымды адам оны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және (немесе) электрондық түрдегі экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналында көрсетілген декларацияның жоғарғы сол жақ бұрышына тіркеу нөмірін қоя отырып тіркейді.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 28 шілдесі
№ 691 бұйрығына
қосымша
Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларына
қосымша
нысан
Экспресс-жүктер үшін жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу журналы

Экс­пресс-жүк­тер үшін жо­ла­у­шы­лар­ға ар­нал­ған ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны тір­кеу кү­ні (кү­ні, айы, жыл­дың соң­ғы екі циф­ры)
Экс­пресс-жүк­тер үшін жо­ла­у­шы­лар­ға ар­нал­ған ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны тір­ке­ген мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ко­ды
Тір­кеу нө­мі­рі
Де­кла­рант (ке­ден­дік та­сы­мал­дау
шы)
Та­у­ар­дың са­ны, да­на
Жал­пы сал­ма­ғы (брут­то), ки­ло­грамм
Жал­пы құ­ны, тең­ге
Экс­пресс-жүк­тер үшін жо­ла­у­шы­лар­ға ар­нал­ған ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­ны тір­ке­ген уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де)
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Қолданыстағы