О внесении изменений в решение акима Ескельдинского района от 19 декабря 2018 года № 30 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Ескельдинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Ескельдинского района от 19 декабря 2018 года № 30 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования и подсчета голосов в Ескельдинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 30 «Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 10.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2020 145624_497745.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20DI005612
- ЭКБ идентификаторы
- 145624
- Редакция идентификаторы
- 145624_497745
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:17
0 Ескелді ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 30 «Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Ескелді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданы әкімінің «Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4980 тіркелген, 2019 жылдың 14 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Тулақбаев Болат Толымбековичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ескелді аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
________________Р.А. Жексенбеков
4 Ескелді ауданы әкімінің
шешіміне қосымша
2020 жылғы 10 тамызы № 1
Ескелді ауданы әкімінің
2018 жылғы «19» желтоқсандағы
№ 30 шешіміне қосымша
Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері
№ 243 сайлау учаскесі.
Орталығы: Бақтыбай ауылы, Тұрар Рыскұлов көшесі № 36, «Ескелді ауданы әкімдігінің Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Бақтыбай ауылының, Астана, Л. Асанова, Шәкәрім, Қ. Рысқұлбеков, Жетісу Шұғылысы, Қ. Жапсарбаев, Әбілхайырхан № 1-29, Б. Ысқақов, О. Жандосов, К. Менисова, Д. Рақышов, Д. Нұрпейісова № 1-19, Сүйінбай № 1-64, Кенесары хан № 1-14, Тәуке хан № 1-25 және М. Мақатаев көшелерді қоспағанда.
№ 244 сайлау учаскесі.
Орталығы: Елтай ауылы, Жансенгіров көшесі № 30, «Ескелді ауданы әкімдігінің Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын- орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекарасы: Елтай ауылы және Бақтыбай ауылында Астана, Л. Асанова, Шәкәрім, Қ. Рысқұлбеков, Жетісу Шұғылысы, Қ. Жапсарбаев, Әбілхайырхан № 1-29, Б. Ысқақов, О. Жандосов, К. Менисова, Д. Рақышов, Д. Нұрпейісова № 1-19, Сүйінбай № 1-64, Кенесары хан № 1-14, Тәуке хан № 1-25 және М. Мақатаев көшелері.