О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 марта 2018 года № 392 «Об утверждении Правил проведения внутреннего государственного аудита и финансового контроля»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 марта 2018 года № 392 «Об утверждении Правил проведения внутреннего государственного аудита и финансового контроля»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1247
- Қабылданған күні
- 08.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2022 175047_605534.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031035
- ЭКБ идентификаторы
- 175047
- Редакция идентификаторы
- 175047_605534
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:13
0 «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:
103-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«103-1. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13 және 14-тарауларына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің және басқа тұлғалардың мүдделеріне ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің аудиторлық іс-шаралармен әсер тигізетін аудиторлық есебіне және (немесе) нұсқамасына шағымдар ведомствомен дәлелдер шеңберінде қаралады.
Ведомствоның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) келіспеген кезде Заңның 11-1 тарауына сәйкес шағымдар уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссияға жолданады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Жоғарғы
аудиторлық палатасы