Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 19 сентября 2018 года № 406 «Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб» представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности»

Бұйрық · № 274/НҚ · қабылданған 20.07.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2018-no-406/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 19 сентября 2018 года № 406 «Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб» представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 274/НҚ ·20.07.2023
20.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 19 сентября 2018 года № 406 «Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб» представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 274/НҚ · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 19 сентября 2018 года № 406 «Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком «Астана Хаб» представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 19 қырқүйектегі № 406 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
274/НҚ
Қабылданған күні
20.07.2023
Көрсетілген редакция
20.07.2023 184276_645940.kaz
Соңғы өзгеріс
20.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033153
ЭКБ идентификаторы
184276
Редакция идентификаторы
184276_645940
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:47

0

«Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 19 қырқүйектегі № 406 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің «Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 19 қырқүйектегі бұйрығына 2018 жылғы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтерді тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынады.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛЕСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛЕСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

1 Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 274/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
Халықтың көші-қоны мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын
«Астана Хаб»халықаралық
технологиялық паркі тартқан
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Ұсынылады: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 14-СПИ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен
Ту­ған кү­ні
Аза­мат­тығы (тұ­рақ­ты тұ­ра­тын елі)
Пас­порт­тың (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың) нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және бер­ген ор­га­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да бо­лжам­ды бо­лу мер­зі­мі (ай, жыл)
Бі­лік­ті­лі­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ви­за­ның қол­да­ныс мер­зі­мін ұзар­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на ке­лу мақ­са­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ра­тын же­рі­нің ме­кен-жайы
Басшы: _________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Күні 20___ жылғы «_____»_____________
Мөр орны
Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

2 Қазақстан Республикасының Цифрлық

даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 274/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
Халықтың көші-қоны мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
ұсынылатын «Астана Хаб»
халықаралық технологиялық
паркі тартқан шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
Ұсынылады: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 15-СПИ
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен
Ту­ған кү­ні
Аза­мат­тығы (тұ­рақ­ты тұ­ра­тын елі)
Олар от­ба­сы мү­ше­ле­рі бо­лып та­бы­ла­тын "Аста­на Хаб" ха­лы­қа­ра­лық тех­но­ло­ги­я­лық пар­кі неме­се оның қа­ты­су­шы­ла­ры тар­тқан тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен
Туы­стық дә­ре­же­сі
Туы­стығ­ын рас­тай­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (неке қию ту­ра­лы, туу ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се туы­стығы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын өзге де құ­жат­тар)
Пас­порт­тың (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың) нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және бер­ген ор­га­ны
Ви­за­ның қол­да­ныс мер­зі­мін ұзар­ту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бар бол­са)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ра­тын же­рі­нің ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Басшы: _______________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Күні 20___ жылғы «_____»_____________
Мөр орны
Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

Қолданыстағы