О внесении изменений в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 19 марта 2018 года № 75 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» исполнительных органов Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4633 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесінде көрсетілген бұйрықпен бекітілген: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, Комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 43-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»; 42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.