О внесении изменения в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 19 марта 2018 года №25/5 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» коммунального государственного учреждения «Аппарат маслихата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Кызылжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 19 марта 2018 года №25/5 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» коммунального государственного учреждения «Аппарат маслихата Кызылжарского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы №25/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/2
- Қабылданған күні
- 26.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2021 121464_526408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18SH004704
- ЭКБ идентификаторы
- 121464
- Редакция идентификаторы
- 121464_526408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:42
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы №25/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 25/5 шешіміне (2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4622 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1. Осы «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.» Орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.