Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 апреля 2019 года № 108 «Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино»

Бұйрық · № 47 · қабылданған 14.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2019-no-108/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 апреля 2019 года № 108 «Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино» Қолданыста Бұйрық ·№ 47 ·14.02.2023
14.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 апреля 2019 года № 108 «Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино»

Қолданыста Бұйрық ·№ 47 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 19 апреля 2019 года № 108 «Об утверждении Правил отчисления с доходов от проката и показа национальных фильмов в Государственный центр поддержки национального кино»
Атауы (қаз.)
«Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
47
Қабылданған күні
14.02.2023
Көрсетілген редакция
14.02.2023 178738_620801.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031925
ЭКБ идентификаторы
178738
Редакция идентификаторы
178738_620801
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:24

0 «Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18567 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы12-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына аударымдарды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Кинематография туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ұлттық фильмдерді прокаттан және көрсетуден түскен кірістерден Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығына аудару тәртібін айқындайды.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік орталық арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар Мемлекеттік орталыққа ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден аударымдарды жүзеге асырады.
4. Аударым ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйымның үлесі арасындағы айырмадан мынадай көлемде жүзеге асырылады:
1) әлеуметтік маңызы бар фильмдерді, дебюттік фильмдерді, оқиғалы фильмдерді прокаттаудан және көрсетуден – табыстың жиырма пайызы;
2) кең көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдерінен, бірлесіп шығарылған фильмдерден, прокаттаудан және көрсетуден – алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы