О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 августа 2019 года № 277 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы протоки Комендантка в городе Усть-Каменогорск Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 августа 2019 года № 277 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы протоки Комендантка в городе Усть-Каменогорск Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 277 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 464
- Қабылданған күні
- 25.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2019 139086_440659.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0006699
- ЭКБ идентификаторы
- 139086
- Редакция идентификаторы
- 139086_440659
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:04
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 277 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 277 «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6162 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылығы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзерістер енгізілсін:
1 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1 «1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Д. А. Игыбаевқа беріліп отырған кадастрлық № 05-085-048-1185 жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Д. А. Игыбаевқа беріліп отырған кадастрлық № 05-085-048-1185 жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «___»_______________
12 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Д. А. Игыбаевқа беріліп отырған кадастрлық № 05-085-048-1185 жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы әкімі
2019 жылғы 25 желтоқсаны
№ 464
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық
әкімдігінің
2019 жылғы 19 тамыздағы
№ 277 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Д. А. Игыбаевқа беріліп отырған кадастрлық № 05-085-048-1185 жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Д. А. Игыбаевқа беріліп отырған кадастрлық
№ 05-085-048-1185 жер учаскесі тұстамасындағы Комендантка ағысы (оң жағалау)
0,16
7,74
500
0,16
0,58
35-45
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.