О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419 «О проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419 «О проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году»
- Атауы (қаз.)
- «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 587
- Қабылданған күні
- 16.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2020 146433_481183.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000587
- ЭКБ идентификаторы
- 146433
- Редакция идентификаторы
- 146433_481183
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:46
0 «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21,
197-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 419 қаулысымен
бекітілген
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с№
Іс-шара
Аяқталу нысаны
Орындауға жауаптылар
Орындалу мерзімі
Қаржыландыру көлемі (мың теңге)
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
1.
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру
бұйрық
ҰЭМ
2021 жылғы
I – II тоқсандар
-
талап етілмейді
2.
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру
әкімдердің өкімдері
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері
2021 жылғы
I – II тоқсандар
-
талап етілмейді
3.
Санақ парақтарына, 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша әдіснамалық құралдарға,
сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерге өзгерістер енгізу
бұйрықтар
ҰЭМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері
2021 жылғы
I – II тоқсандар
-
талап етілмейді
4.
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атауларын, квартал, үй және пәтер нөмірлерін ретке келтіру бойынша іс-шаралар өткізу, ПИК, ТҚК, басқарушы компаниялармен тұратын халық санын нақтылау бойынша жұмыстарды жүргізу
ҰЭМ-ге ақпарат
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері
2019 жылғы
ІІІ – IV тоқсандар
бөлінген қаражат шегінде
жергілікті бюджет
5.
Жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, портативтік-есептеу құрылғыларын (планшеттер), бағдарламалық өнімдерді сатып алу, бағдарламалық
қамтамасыз ету (е-Статистика) модульдерін пысықтау және басқалары
орындалған жұмыстар актісі
ҰЭМ, Қаржымині, ЦДҚАӨМ
2019 жылғы
ІІІ – IV тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік
бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
6.
Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) дайындау, бекіту және ҰЭМ-ге ұсыну
бекітілген картографиялық материалдар
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері, АШМ
2020 жылғы
І – ІІ тоқсандар
бөлінген қаражат шегінде
жергілікті бюджет
7.
Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) тираждау
картографиялық материалдар
ҰЭМ
2020 жылғы
І – ІІ тоқсандар
2021 жылғы
II – III тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
8.
Халық арасында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу
роликтер, баннерлер, жарнама және басқалар
ҰЭМ, АҚДМ, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері
2020 жылғы
ІІ тоқсан
2021 жылғы
ІІ – IV тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер
9.
Санақ персоналын іріктеу және оқыту
бұйрық
ҰЭМ СК аумақтық органдары
2020 жылғы
ІІ тоқсан
2021 жылғы
ІІ – IV тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
10.
Санақ персоналын үй-жайлармен қамтамасыз ету
ҰЭМ-ге ақпарат
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері
2020 жылғы
ІІ тоқсан
2021 жылғы
ІІ – IV тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер
11.
Елді мекендердегі тұрғын үйлердің, ғимараттар мен тұрғын емес
үй-жайлардың тізімін жасау
ҰЭМ-ге ақпарат
ҰЭМ СК аумақтық органдары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері
2020 жылғы
ІІ тоқсан
2021 жылғы
ІІ – III тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
12.
Санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау
орындалған жұмыстар актісі
ҰЭМ
2020 жылғы
I – II тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
13.
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша күнтізбелік жоспарды әзірлеу және бекіту
бұйрық
ҰЭМ
2020 жылғы
IV тоқсан
-
талап етілмейді
14.
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу, бекіту және келісу
бұйрықтар
ҰЭМ
2021 жылғы
III тоқсан
-
талап етілмейді
15.
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу, оның ішінде әскери бөлімдер аумақтарында және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) мен азаматтық халық; бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдар; өзге де институционалдық бірліктерде емдеуде жүрген адамдар; қызметтік іссапармен немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты елден тыс жерлерде, оқуда және өзге де себептермен жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); әлеуметтік бейімделу немесе қамсыздандыру мекемелерінде тұратын және (немесе) орналасқан адамдар санағын жүргізу
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы деректер базасын қалыптастыру
ҰЭМ, Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық
маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері
2021 жылғы
1-30 қазан
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
16.
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының деректер базасын өңдеу
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының деректер базасы
ҰЭМ
2021 жылғы
IV тоқсан, 2022 жыл
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
17.
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының алдын ала қорытындыларын жариялау
қағаз және электрондық жеткізгіштердегі статистикалық жинақтар
ҰЭМ
2022 жылғы
ІІ – IV тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
18.
2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы қорытындыларын жариялау
қағаз және электрондық жеткізгіштердегі статистикалық жинақтар
ҰЭМ
2023 жылғы
І – IV тоқсандар
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде
республикалық бюджет
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ
–
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
АШМ
–
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
БҒМ
–
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
ДСМ
–
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині
–
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі;
Қаржымині
–
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қорғанысмині
–
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
СІМ
–
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
ҰҚК
–
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҰЭМ
–
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
СК
–
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті;
ЦДИАӨМ
–
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ІІМ
–
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
ПИК
–
үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі;
ТҚК
–
тұрғын үй-құрылыс кооперативі.