О внесении изменений в решение акима сельского округа Тастумсык от 19 февраля 2019 года № 5 «О присвоении наименований безымянным улицам населенных пунктов в сельском округе Тастумсык»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима сельского округа Тастумсык от 19 февраля 2019 года № 5 «О присвоении наименований безымянным улицам населенных пунктов в сельском округе Тастумсык»
- Атауы (қаз.)
- Тастұмсық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 5 «Тастұмсық ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35
- Қабылданған күні
- 18.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.12.2019 137507_434190.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19UNF05318
- ЭКБ идентификаторы
- 137507
- Редакция идентификаторы
- 137507_434190
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:18
0 Тастұмсық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы № 5 «Тастұмсық ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тастұмсық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №5 «Тастұмсық ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4913 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің қазақ тіліндегі мәтінінің 2-тармағындағы «Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округі әкімінің аппараты» деген сөздер «Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің аппараты» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің Тастұмсық ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;