Құжат мәтініне өту

О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 521 «Об утверждении типовых договоров между перевозчиком и экспедитором об организации перевозок грузов железнодорожным транспортом»

Бұйрық · № 163 · қабылданған 29.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2019-no-521-ekb-191371/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 521 «Об утверждении типовых договоров между перевозчиком и экспедитором об организации перевозок грузов железнодорожным транспортом» Қолданыста Бұйрық ·№ 163 ·29.12.2023
29.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 521 «Об утверждении типовых договоров между перевозчиком и экспедитором об организации перевозок грузов железнодорожным транспортом»

Қолданыста Бұйрық ·№ 163 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О приостановлении действия некоторых структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 521 «Об утверждении типовых договоров между перевозчиком и экспедитором об организации перевозок грузов железнодорожным транспортом»
Атауы (қаз.)
«Тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
163
Қабылданған күні
29.12.2023
Көрсетілген редакция
29.12.2023 191371_676029.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033856
ЭКБ идентификаторы
191371
Редакция идентификаторы
191371_676029
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:38

0

«Тасымалдаушы мен экспедитор арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

1

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 19 шілдедегі № 521 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19082 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 521 бұйрық) Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шартының 9-тармағы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы құрылымдық элемент мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«9. Экспедитор Тасымалдаушыға тасымалдау төлемдерін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен төлеу үшін жеткілікті төлемді осы Шарттың ______ тармағының ________ тармақшасында көрсетілген Тасымалдаушының есеп айырысу шотына алдын ала төлеуді жүргізеді.
Тасымалдау төлемдерін төлеу үшін жеткілікті сомасы төрт тәуліктік тасымалдау ақысының мөлшерінен кем емес сома болып табылады. Бұл сома өткен 2 (екі) ай үшін Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста жүктерді тасымалдау үшін тасымалдау ақысының нақты сомасынан есептеледі.
Экспедитордан түсетін төлемді есепке алу Экспедитордың жеке кабинетінде төлем қозғалысының ақпаратын көрсете отырып, Тасымалдаушының қаржы жүйесінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста тасымалдау үшін қаражатты есептен шығару экспедитордың жеке кабинетінде орналастырылатын «Орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбелері» негізінде жүзеге асырылады. Экспедитормен транзиттік тасымалдар бойынша түпкілікті есеп айырысулар МАТП шығу жолынан түскен тасымалдау құжаттары бойынша жүргізіледі.»;

2

2) № 521 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық транзиттік қатынаста Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы мен экспедитордың үлгі шартының 11-тармағы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы құрылымдық элемент мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11. Жүкті ілгерілетуге кедергілер туындаған кезде тасымалдаушы мұндай кедергілер туындағанан бастап 3 (үш) сағат ішінде жөнелту станциясын, межелі станцияны, экспедиторды хабардар етеді.
Тасымалдаушы экспедитордың атына жіберген хабарлама экспедитордың БЖШ-дан қосымша алымдарды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды есептен шығару үшін негіз болып табылады, бұл ретте тасымалдаушы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) 9-қосымшаға сәйкес ГУ-23 жалпы нысандағы актіде вагонды/контейнерді кідіртудің басталу уақытын көрсетеді, ол экспедиторға хабарлама жіберілген сәттен бастап есептеледі.
Тасымалдаушы кедергі туындаған күннен бастап 30 күн ішінде растайтын құжаттарды ұсынады.
Тасымалдаушымен БЖШ есебінен шығарылған қосымша алымдардың, айыппұлдардың, өсімпұлдардың мөлшерімен Экспедитор келіспесе, «Теміржол туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабына сәйкес наразылық тәртібімен талап қоюға құқылы.
Бұл ретте тасымалдаушы экспедитордың шағымын оны алған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде қарайды және артық есептен шығарылған соманы қайтарады және/немесе «Теміржол туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 91-бабына сәйкес қайтарудан бас тартады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қолданыстағы