Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 «Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон»

Бұйрық · № 801 · қабылданған 24.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2019-no-522-ekb-135632/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 «Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон» Қолданыста Бұйрық ·№ 801 ·24.10.2019
24.10.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 «Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон»

Қолданыста Бұйрық ·№ 801 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 «Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон»
Атауы (қаз.)
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
801
Қабылданған күні
24.10.2019
Көрсетілген редакция
24.10.2019 135632_426394.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019529
ЭКБ идентификаторы
135632
Редакция идентификаторы
135632_426394
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:06

0 Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы «Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:

жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың үлгі нысанына:
12-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) АЭА Қатысушысына Басқарушы компания ұсынатын қызметтер үшін сыйақы алуға;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Басқарушы компания:
1) АЭА аумағында әрекет ететін АЭА қатысушыларының қызметін жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына тұрақты негізде мониторингті жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға;
3) «бір терезе» қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс істеуі үшін қабылдау орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсету;
4) АЭА аумағындағы мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы негізінде АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылғандығын Растауды беруге;
5) осы шарт жасалғанға дейін АЭА қатысушысын басқарушы компанияның АЭА Қатысушысына АЭА аумағында қызмет көрсету талаптарымен таныстыруға міндетті. Бұл талап осындай қызметтер болған жағдайда ғана міндетті болып табылады.»;
15-тармақта:
20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде басқарушы компанияға осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу және объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз ету кестесін беруге;»;
мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) қайталама жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде басқарушы компаниямен АЭА Қатысушысына Басқарушы компания ұсынатын қызметтер көрсетуге шарт жасасуға құқылы. Осы талап АЭА қатысушысы осы шарт жасалғанға дейін қызмет көрсету талаптарымен танысқан және келіскен жағдайда міндетті болып табылады.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы