О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 «Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 19 июля 2019 года № 522 «Об утверждении форм типовых договоров, заявление и анкет по вопросам специальных экономических и индустриальных зон»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 05.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 05.03.2024 194112_688820.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034127
- ЭКБ идентификаторы
- 194112
- Редакция идентификаторы
- 194112_688820
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:50
0 «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 қосымшаның 10 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы Шарт ________жылға, бірақ АЭА және ИА құру және _________ жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жасалды.
Бұл ретте АЭА қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.».
5 қосымшаның 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Шарттың мерзімі осы арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеуі мүмкін мерзімнен аспайды.
Бұл ретте қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі Заңның 51-бабында белгіленген санаттарға байланысты болады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі