Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов»

Бұйрық · № 86 · қабылданған 16.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2019-no-90-ekb-148500/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов» Қолданыста Бұйрық ·№ 86 ·16.11.2020
16.11.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 86 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов»
Атауы (қаз.)
«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
86
Қабылданған күні
16.11.2020
Көрсетілген редакция
16.11.2020 148500_491488.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021634
ЭКБ идентификаторы
148500
Редакция идентификаторы
148500_491488
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:43

0 «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 26 қарашада жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 626-1-тармақпен толықтырылсын:
«626-1. Теміржол көлігі саласында магистральдық теміржол желісін екі және одан да көп жүк тасымалдаушылардың пайдалануы жағдайында тарифтік сметаға тарифтің қолданылу кезеңіне, Ұлттық инфрақұрылым операторының маневрлік жұмыс қызметтеріне жоспарланған шығыстар енгізіледі.»;

2 2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі

Қолданыстағы