Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов»

Бұйрық · № 74 · қабылданған 29.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2019-no-90-ekb-157415/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов» Қолданыста Бұйрық ·№ 74 ·29.07.2021
29.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 74 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 90 «Об утверждении Правил формирования тарифов»
Атауы (қаз.)
«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
74
Қабылданған күні
29.07.2021
Көрсетілген редакция
29.07.2021 157415_533218.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023764
ЭКБ идентификаторы
157415
Редакция идентификаторы
157415_533218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:21

0 «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
637-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«637. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті есептеу кезінде пайданың жол берілетін деңгейін осы Қағидалардың 11-тарауына сай Табиғи монополия субъектісі пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тартылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде айқындайды.
Тарифке қосылатын пайда деңгейі дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтеріне қосылатын пайданы қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты ескере отырып шектеледі.
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі табиғи монополиялар субъектілерінің тарифіне қосылатын пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыруға және Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті қаражат ескеріле отырып шектеледі.
Инвестицияларды субъектілер меншікті және (немесе) қарыз қаражатесебінен жүзеге асырады. Меншікті қаражат көзі пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
Қарыз қаражатын қайтару пайда (таза кіріс) және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.».

2 2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі

Қолданыстағы