Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 «Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий»

Бұйрық · № 3 · қабылданған 10.01.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2020-no-100-ekb-163928/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 «Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий» Қолданыста Бұйрық ·№ 3 ·10.01.2022
10.01.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 «Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 100 «Об утверждении Перечня вредных организмов, борьба с которыми осуществляется за счет бюджетных средств, и Правил проведения фитосанитарных мероприятий»
Атауы (қаз.)
«Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
10.01.2022
Көрсетілген редакция
10.01.2022 163928_558989.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026591
ЭКБ идентификаторы
163928
Редакция идентификаторы
163928_558989
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:47

0 «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын

зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы
№ 100 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20213 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6-1) тармақшасына, «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны ЗЭШ-тен жоғары саяқ шегірткетектестер қоныстанған орындарды химиялық өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жергілікті атқарушы органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу қағидалары) сәйкес жүзеге асырады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. ЗЭШ-тен жоғары саяқ шегірткетектестер қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде өндіру нормасымен:
аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;
жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;
барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;
жерүсті желдеткіш және штангалық бүріккіштері бойынша – тәулігіне 100 гектар;
барлық модификациядағы жер үсті атомайзерлік, ультра аз көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;
аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар жүзеге асырылады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Үйірлі шегірткетектестерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін арнайы техникаға қажеттілікті есептеу ауа райы-климаттық, географиялық жағдайлар мен жергілікті жер бедерін ескере отырып, күнтізбелік 23 (жиырма үш) күн ішінде өндіру нормасымен:
аса жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1500 гектар;
жеңіл авиация кемелері бойынша – тәулігіне 1200 гектар;
барлық типтегі аэрозольдық генераторлар бойынша – тәулігіне 750 гектар;
жерүсті желдеткіш және штангалық бүріккіштер бойынша – тәулігіне 100 гектар;
барлық модификациядағы жер үсті атомайзерлік, ультра аз, көлемді бүріккіштер бойынша – тәулігіне 150 гектар;
аспалы бүріккіштер бойынша – тәулігіне 5 гектар жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы