О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 мая 2020 года № 172 «Об утверждении Правил субсидирования страховых премий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 мая 2020 года № 172 «Об утверждении Правил субсидирования страховых премий»
- Атауы (қаз.)
- «Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 261
- Қабылданған күні
- 18.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2022 170876_588142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029229
- ЭКБ идентификаторы
- 170876
- Редакция идентификаторы
- 170876_588142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:33
0 «Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылдың 19 мамырындағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20673 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және сақтандыру сыйлықақыларын тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде субсидиялау тәртібін айқындайды.
2 2. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялаудың негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілері үшін қарыз және саудалық қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Осы Қағидалар шеңберінде сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандырушы) жасаған АӨК-дегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысы сомасының 80% мөлшерінде сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады.»;
3-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
11 11-тармақ алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі