О внесении изменений в решение Шахтинского городского маслихата от 19 июня 2020 года № 1722/39 «Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шахтинского городского маслихата от 19 июня 2020 года № 1722/39 «Об утверждении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»
- Атауы (қаз.)
- Шахтинск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1722/39 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 202/20
- Қабылданған күні
- 23.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2022 176811_611848.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22KH031538
- ЭКБ идентификаторы
- 176811
- Редакция идентификаторы
- 176811_611848
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:42
0 Шахтинск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1722/39 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Шахтинск қалалық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы» 2020 жылғы 19 маусымдағы № 1722/39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5900 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Шахтинск қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 202/20
шешімге 1 қосымша
Шахтинск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 19 маусымы
№ 1722/39
шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Шахтинск қалалық
мәслихатының
2022 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 202/20
шешімге 2 қосымша
Шахтинск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 19 маусымы
№ 1722/39
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері.
2
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар.
3
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
4
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» бұйрығы
5
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
6
Қандастар.
7
Толық емес отбасылар жатады.