О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 19 сентября 2020 года № 246 «Об установлении карантина»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 19 сентября 2020 года № 246 «Об установлении карантина»
- Атауы (қаз.)
- «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 255
- Қабылданған күні
- 23.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 146593_499151.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006544
- ЭКБ идентификаторы
- 146593
- Редакция идентификаторы
- 146593_499151
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:41
0 «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Карантинді белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-04/818 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Карантин белгілеу туралы» 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайында байланысты карантин белгіленген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендері
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі
№ 255 қаулысына
қосымшасы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 246 қаулысына
қосымшасы
Жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болу жағдайында байланысты
карантин белгіленген Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендері
Елді мекеннің атауы
1
Айыртау ауданы
Сырымбет ауылдық округінің Қарақамыс ауылы
2
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
Рузаев ауылдық округінің Чернобаев ауылы;
Шұқыркөл ауылдық округінің Шұқыркөл ауылы
3
Жамбыл ауданы
Казанка ауылдық округінің Екатериновка ауылы;
Кладбинка ауылдық округінің Новорыбинка ауылы
4
Қызылжар ауданы
Архангельск ауылдық округінің Архангельск ауылы;
Бескөл ауылдық округінің Бескөл ауылы;
Вагулин ауылдық округінің Красный Яр ауылы;
Налобин ауылдық округінің Налобин ауылы;
Лесной ауылдық округінің Преснов ауылы;
Якорь ауылдық округінің Якорь ауылы
5
Мағжан Жұмабаев ауданы
Чистов ауылдық округінің Чистов ауылы
6
Тайынша ауданы
Тихоокеан ауылдық округінің Алабота ауылы;
Чкалов ауылдық округінің Чкалов ауылы
7
Тимирязев ауданы
Тимирязев ауылдық округінің Белоградовка ауылы;
Тимирязев ауылдық округінің Тимирязев ауылы
8
Шал ақын ауданы
Сергеевка қаласы;
Сухорабов ауылдық округінің Сухорабов ауылы