Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования»

Бұйрық · № 464 · қабылданған 18.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2020-no-254-ekb-173955/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 464 ·18.11.2022
18.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 464 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 «Об утверждении правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования»
Атауы (қаз.)
«Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
464
Қабылданған күні
18.11.2022
Көрсетілген редакция
18.11.2022 173955_602564.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030643
ЭКБ идентификаторы
173955
Редакция идентификаторы
173955_602564
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:55

0 «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер

көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) архив - мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдаманы табысты алуға байланысты немесе осы Қағидаларда көзделген басқа да себептер бойынша кезектен алынған өтініштер жиынтығы;
2) блокчейн технологиясы - түзетуге жатпайтын деректерге өзгерістер енгізуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір қағидалар бойынша деректерді сақтау және өңдеу архитектурасын құру тәсілі;
3) бос орын - баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін мектепке дейінгі ұйым, жас тобы, тәрбиелеу және оқыту тілі, жас кезеңі, топтың түрі (жалпы дамытушы, арнайы), жұмыс тәртібі (толық күн болатын, жарты күн болатын, тәулік бойы болатын), қабылдау тәртібі (жалпыға бірдей белгіленген, ерте брондау, уақытша болу), мектепке дейінгі ұйымға баратын күні бойынша шектеулердің болуын және қабылдаудың басталатын күні көрсетілген бос орын туралы ақпарат;
4) босаған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне бөлу үшін мектепке дейінгі ұйымдардан бос орындарды беру хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;
5) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
6) жалпыға бірдей белгіленген қабылдау тәртібіндегі бос орын - жолдама алғаннан кейін жолдаманың қолданылу мерзімі бірден есептелетін бос орын;
7) ерте брондау тәртібіндегі бос орын – орын нақты босағанға дейін ерте жолдама алуға болатын бос орын; жолдаманың қолданылуын есептеу мерзімі және мектепке дейінгі ұйымға қабылдау рәсімі орын нақты босатылғаннан кейін басталады;
8) кезектілікті басқару жүйесі – мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қоюға және орындарды бөлуге өтініштерді қабылдаудың бизнес-процестерінің автоматты орындалуын қамтамасыз ететін көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі;
9) кезектілік нөмірі – осы кезекте басқа да өтініштерге қатысты кезектегі өтініштер реті;
10) кері қайтарылып алынған орындар бюллетені – кезектілікті басқару жүйесіне мектепке дейінгі ұйымдардан бұрын бөлуге берілген орындарды қайтару (кері қайтарып алу ) хронологиясын күн сайын тіркейтін хаттама;
11) мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама (бұдан әрі – жолдама) – мектепке дейінгі ұйымға қабылдау және тиісті құжаттарды рәсімдеу кезеңінде мектепке дейінгі ұйымнан өтініш берушіге орынның уақытша сақталуы туралы хабарлама;
12) өтініштер кезегі (бұдан әрі – кезек) - кезектілікті басқару жүйесінде табысты тіркелген және осы Қағидаларға сәйкес бір-біріне қатысты реттелген мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға арналған өтініштер;
13) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
14) тоқтату парағы – өтініш берушілер тарапынан жіберілген тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда жолдама алу мүмкіндігі тоқтатылған, кезектен алынған өтініштер орналастырылатын уақытша архив;
15) уақытша болуға арналған бос орын – уақытша кеткен тәрбиеленушінің мектепке дейінгі ұйымда сақталатын бос орны, сондықтан осы орынға қабылданатын баланың келу мерзімі шектеулі болады;
16) хабарлама – өтініш берушіге мектепке дейінгі ұйымнан орын алудың белгіленген кезеңдерінен өткені туралы хабарлау мақсатында кезектілікті басқару жүйесімен жолданған электронды мәтіндік хабарлама.
4. Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш, сондай-ақ «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімінің (бұдан әрі – Талаптар тізілімі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Талаптар тізілімінде берілген.
Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымды қарау мәртебесі туралы ақпарат көрінеді, сондай-ақ кезекке қою жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген хабарлама орналастырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттардың дұрыстығын тексере отырып, тіркейді; көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда кезекке қою жөнінде кезектілік нөмірі көрсетілген хабарлама (ерікті түрде) беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Талаптар тізілімінің 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат береді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар жөнінде мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжатты (немесе нотариалды бекітілген сенімхат бойынша оның өкілін), тиісті құжаттарды қабылдау жөнінде қолхатты көрсету негізінде жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша кезекке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметімен жиынтықта «бір өтініш» қағидасы бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар:
1) көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алады;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауларға қатысады;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;
5) цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдаланады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабы 3-тармағына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштер есепке алуға жатады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардың туған жылы бойынша және әрбір туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады.
Көру қабілеті, есту қабілеті бұзылған, сөйлеу қабілеті ауыр түрде бұзылған, тірек-қимыл аппараты, зияткерлік дамуы бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға (арнайы бөбекжай-бақшаларға, арнайы балабақшаларға) және мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға, денсаулығы нашарлаған балалардың барлық санаттарын біріктіретін арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға және мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға кезекке тұру «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329) сәйкес елді мекеннің ішінде балалардың туған жылы бойынша әр туған жылы үшін жеке қалыптастырылады.
Туған жылдары бойынша кезектің ішіндегі кезек балаларда бар бұзылыстардың түрлері бойынша бөлінеді.
Санаториялық мектепке дейінгі ұйымдарға кезек елді мекеннің ішінде балалардың туған жылы бойынша әр туған жылы үшін жеке оңалту/алдын алу түрлері бойынша қалыптастырылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Өтініш беру және кезекте болу үшін баланың жасы ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан басқа).»;
20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына, «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 64-бабының 5-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде;»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте 6 жастан аспайтын және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан басқа балаларға жолдама беру кезінде баланың жасы күнтізбелік жылғы толық жасы бойынша есептеледі.»;
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізілімінде берілген.»;
2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 464 Бұйрыққа
1-қосымша
Мектепке дейінгі білім
беру саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
2-қосымша
«Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­ға жі­бе­ру үшін мек­теп жа­сы­на дей­ін­гі ба­ла­лар­ды (6 жас­қа дей­ін) ке­зек­ке қою» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар ті­зі­лі­мі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның бі­лім бас­қар­ма­ла­ры, аудан­дар­дың, об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың бі­лім бө­лім­де­рі.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция);
3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға, пор­тал­ға жү­гін­ген сәті­нен ба­стап – 30 ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
«Бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де/ про­ак­тив­ті.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің нәти­же­сі
Ке­зек­ке қою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма бе­ру (ерік­ті ны­сан­да) неме­се осы «Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­ға жі­бе­ру үшін мек­теп жа­сы­на дей­ін­гі ба­ла­лар­ды (6 жас­қа дей­ін) ке­зек­ке қою» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар ті­зі­лі­мі­нің 9-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сі бой­ын­ша дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рін­де: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сі бой­ын­ша дүй­сен­бі мен сен­бі­ні қо­са ал­ған­да түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 09.00-ден 20.00-ге дей­ін.
Қа­был­дау «элек­трон­ды» ке­зек тәр­ті­бін­де же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­ды ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды;
3) пор­тал: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­да жү­гін­ген­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ең­бек за­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рі ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де бе­рі­ле­ді).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​gov4c.​kz Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сын­да;
3) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет
көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де:
1) «Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 19 мау­сым­да­ғы № 254 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 20883 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар) 1 және 5-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш­тер;
2) ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның (ата-ана­сы­ның бі­рі­нің неме­се заң­ды өкі­лі­нің) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
4) әс­ке­ри қыз­мет­кер­дің неме­се ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган қыз­мет­ке­рі­нің жұ­мыс ор­ны­нан бе­рі­л­ген, мөр ба­сы­л­ған және уәкі­лет­ті тұл­ға­ның қо­лы қой­ы­л­ған анық­та­ма (бар болған жағ­дай­да) (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бір ай ішін­де жа­рам­ды);
5) бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның мө­рі­мен және қо­лы­мен рас­тал­ған пе­да­гог­тің жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бір ай ішін­де жа­рам­ды), ди­плом­ның ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі;
6) ерекше бі­лім бе­ру­ді қа­жет ете­тін ба­ла­лар үшін пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­ның қо­ры­тындысы (бар болған жағ­дай­да);
7) фти­зи­атр-дә­рі­гер­дің қо­ры­тындысы;
8) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға бі­рін­ші ке­зек­те орын алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі, мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға бі­рін­ші ке­зек­те орын алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­сы бар мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім ала­ды.
Пор­тал­ға жү­гін­ген жағ­дай­да:
1) Қа­ғи­да­лар­ға 1 және 5-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш­те­рі;
2) әс­ке­ри қыз­мет­кер­дің неме­се ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган қыз­мет­ке­рі­нің жұ­мыс ор­ны­нан бе­рі­л­ген, мөр ба­сы­л­ған және уәкі­лет­ті тұл­ға­ның қо­лы қой­ы­л­ған анық­та­ма­ның (бар болған жағ­дай­да) (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бір ай ішін­де жа­рам­ды) ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі;
3) бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның мө­рі­мен және қо­лы­мен рас­тал­ған пе­да­гог­тің жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бір ай ішін­де жа­рам­ды), ди­плом­ның ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі;
4) ерекше бі­лім бе­ру­ді қа­жет ете­тін ба­ла­лар үшін пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ция қо­ры­тындыс­ы­ның (бар болған­да) ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі;
5) фти­зи­атр дә­рі­гер­дің жол­да­ма­сы.
Пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де: элек­трон­ды сұ­рау са­лу көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да неме­се бір рет­тік па­роль ен­гі­зу ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі, мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға бі­рін­ші ке­зек­те орын алу құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­де көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да.
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­де көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың топ­та­ма­сын то­лық ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсы­ну.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­ды ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет көр­се­ту­і­нің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 ми­нут.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 нө­мір­ле­ріне жү­гін­ген, ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры­ның тір­ші­лік әре­ке­тін шек­тей­тін ден­са­улы­ғы тұ­рақ­ты бұ­зы­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі олар­дың тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Егер ба­ла­ның мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да бо­луы­на ке­дер­гі кел­ті­ре­тін ме­ди­ци­на­лық қар­сы көр­се­ті­лім­дер бол­са, он­да ол мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға қа­был­дан­бай­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу тәр­ті­бін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет «Ба­ла ту­у­ды тір­кеу, оның ішін­де аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рі жа­з­ба­ла­ры­на өзге­рі­стер, то­лық­ты­ру­лар мен тү­зе­ту­лер ен­гі­зу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­ме­ті­мен жиын­тық­та «бір өті­ніш» қа­ғи­да­ты бой­ын­ша көр­се­ті­ле­ді.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

2 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Бұйрыққа 2-қосымша
Мектепке дейінгі білім
беру саласында мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
3-қосымша
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекен-жайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету) Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2-қосымшаның 8-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкес Сіздің толық емес құжаттар топтамасын ұсынуыңызға және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды тапсыруыңызға, атап айтқанда, (жоқ құжаттардың атауы):

1 1) ________________________________________;

2 2) ________________________________________;

3 3) ________________________________________

байланысты ___________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)
мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
Орындаушы: ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Қолы _________________
Телефон _____________________
Қабылдады: ______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Қолы __________________ «____» _________ 20____ жыл

3 Бұйрыққа 3-қосымша

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
4-қосымша
«Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­ға құ­жат­тар­ды қа­был­дау және ба­ла­лар­ды қа­был­дау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар ті­зі­лі­мі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­дың бар­лық түр­ле­рі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­дау және бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі, «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
30 ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым мен ба­ла­ның ата-ана­сы­ның бі­рі неме­се заң­ды өкі­лі араcын­да жа­сал­ған ке­лі­сім шарт негі­зін­де ба­ла­ны мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға қа­был­дау неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі мен жұ­ма ара­лы­ғын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бел­гі­ле­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.00-ге дей­ін.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді;
2) пор­тал­да: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ға­нан кей­ін жү­гін­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да ең­бек за­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рі ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де бе­рі­ле­ді).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​egov.​kz. пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет
көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) қа­был­да­у­ға ар­нал­ған жол­да­ма (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де жа­рам­ды);
2) «Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2020 жы­л­ғы 19 мау­сым­да­ғы № 254 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 20883 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Мек­теп­ке дей­ін­гі бі­лім бе­ру са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар) 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның (ата-ана­сы­ның бі­рі­нің неме­се заң­ды өкі­лі­нің) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
4) ба­ла­ның туу ту­ра­лы ку­ә­лі­гі неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
5) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 065/е ны­сан­ды про­фи­лак­ти­ка­лық ек­пе­лер­дің кар­та­сы;
6) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 027/е ны­сан­ды анық­та­ма;
7) пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­ның қо­ры­тындысы (ерекше бі­лім бе­ру­ді қа­жет ете­тін ба­ла­лар үшін).
Пор­тал­ға:
1) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға қа­был­да­у­ға ар­нал­ған жол­да­ма (бе­рі­л­ген күн­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де жа­рам­ды);
2) Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
3) ата-ана­сы­ның неме­се заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
4) ба­ла­ның ту­уын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
5) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 065/е ны­сан­ды про­фи­лак­ти­ка­лық ек­пе­лер­дің кар­та­сы (элек­трон­дық кө­шір­ме);
6) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 027/е ны­сан­ды анық­та­ма (элек­трон­дық кө­шір­ме);
7) пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­ның қо­ры­тындысы (ерекше бі­лім бе­ру­ді қа­жет ете­тін ба­ла­лар үшін) (бар болған­да ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі).
Ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шек­теу іс-ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асыр­ған, тө­тен­ше жағ­дай­лар ен­гі­зі­л­ген, бел­гі­лі бір аумақ­та әле­умет­тік, та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­лар­да, осы аумақ­та тұ­ра­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар шек­теу іс-ша­ра­ла­ры­ның алы­нуы­на, тө­тен­ше жағ­дай­лар қол­да­ны­сы­ның тоқ­та­ты­луы­на қа­рай осы тар­мақ­тың бі­рін­ші аб­за­цы­ның 4), 5) және 6) тар­мақ­ша­ла­рын­да және екін­ші аб­за­цы­ның 4), 5) және 6) тар­мақ­ша­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ті­ке­лей бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на ұсы­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер цифр­лық құ­жат­тар­ды «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ның ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы ұсы­ны­л­ған құ­жат ие­сі­нің ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, іс­ке асы­ры­л­ған ин­те­гра­ция ар­қы­лы цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен бір рет­тік па­роль­ді бе­ру ар­қы­лы неме­се «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның ха­бар­ла­ма­сы­на жа­у­ап ре­т­ін­де қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма жі­бе­ру ар­қы­лы ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бін ай­қын­дай­тын заң­ға тәу­ел­ді нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­де көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес құ­жат­тар­дың то­лық топ­та­ма­сын ұсын­ба­ған және (неме­се) қол­да­ны­лу мер­зі­мі өтіп кет­кен құ­жат­тар­ды ұсын­ған жағ­дай­да.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут. Қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры: 1414, 8-800-080-7777.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді. Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

4 Бұйрыққа 4-қосымша

Мектепке дейінгі білім беру
саласында мемлекеттік қызметтер
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
________________________________
(мектепке дейінгі ұйым)
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мен, ______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1 1) дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді;

2 2) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруді;

3

3) дербес деректерді жалпыға қолжетімді көздерде таратуды қамти отырып, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2 және 4-қосымшаларының 8-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу үшін келісім беремін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.
Осы келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.
_______________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қолданыстағы