Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 281 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан»

Бұйрық · № 991 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2020-no-281-ekb-229631/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 281 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 281 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық № 991 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 281 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование архивных справок и копий архивных документов, исходящих из Центрального архива Министерства обороны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
991
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
18.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 229631_839017.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039778
ЭКБ идентификаторы
229631
Редакция идентификаторы
229631_839017
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:05
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20989 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін) «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйеден алады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жеке басын куәландыратын не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің құжатын көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қате немесе дәлсіздік анықталғанда, олар нысаны мен мазмұны бойынша қойылатын талаптарға сәйкес келмегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқасы) Мемлекеттік корпорация оларды сақтауға қабылдамай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 5 (бес) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер жойылмағанда, мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқанда көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау жүргізілмейді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.»;
11-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

1 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға өтініш

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін
атқарушы 2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 991 Бұйрыққа
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің Орталық
архивінен шығатын архивтік
анықтамаларға және архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
_______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болса)
тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін)/заңды мекенжайы (заңды тұлға үшін)
Байланыс телефоны: ______________________
ЖСН ___________________________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қоюға өтініш
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты берген
__________________________________________________________________
(архивтік анықтамаға және архивтік құжаттардың көшірмесіне)
апостиль мөртаңбасын қоюыңызды сұраймын.
Қосымша:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
3) _____________________________________________________________;
4) _____________________________________________________________.
Цифрлық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20___жылғы «___» ______________ _____________
(қолтаңбасы)

2 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін
атқарушы 2026 жылғы
31 тамыздағы № 991
Бұйрыққа 2-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің Орталық
архивінен шығатын архивтік
анықтамаларға және архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
2.
Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің (болса) атауы
жоқ
3.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
4.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) ұсыну тәсілдері
Мемлекеттік корпорация
5.
Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету мерзімі
15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш жасағанда:
құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут
6.
Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету нысаны
Қағазда
7.
Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (болса) көрсету нәтижесі
Апостиль қойылған архивтік анықтама, архивтік құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін өтініш жасағанда көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұранымы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 664-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 (елу) пайызды құрайды. Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы апостиль қоюға түсетін құжаттарға апостиль қойғанда Қазақстан Республикасының Салық кодексі 671-бабының 2) тармақшасына сәйкес мыналар: Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері; үш дәрежелі «Даңқ» және үш дәрежелі «Еңбек Даңқы», «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар; «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар; Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдік бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамырда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының бірі, мүгедектігі бар бала; қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйінде және (немесе) интернатта тұратын, мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Чернобыль апаты салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.
9.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттық объектілердің жұмыс графигі
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6 және / 7-тарауларына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6 және 7-тарауларына сәйкес жексенбіні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейінгіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Өтінішті қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдау мүмкіндігі бар.
10.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
Мемлекеттік корпорацияға:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмесіне апостиль қоюға өтініш;
2) азаматтың жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілінен) не көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдіргенде нотариат куәландырған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
3) апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек;
4) апостиль мөртаңбасы қойылуы қажет Мұрағат берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
11.
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға берілген теріс жауабы, соңдай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жеке қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған;
5) көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
6) мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімінің аяқталуы бойынша анықталған кемшіліктер жойылмаған кезде.
12.
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар
Тіршілік әрекетін шектейтін организм қызметінің тұрақты бұзылуымен денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болғанда Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы өтініш жасау жолымен тұрғылықты жеріне барумен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.​mod.​gov.​kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

3 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 991 Бұйрыққа
3-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің Орталық
архивінен шығатын архивтік
анықтамаларға және архивтік
құжаттардың көшірмелеріне
апостиль қою» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса)
______________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабын басшылыққа алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда жоқ құжаттардың атауы:
1) _____________________________________________________________;
2) _____________________________________________________________;
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болса)
________________
(қолтаңбасы, күні)
Орындаушы: _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болса)
Телефон _______________________
Алдым:_____________________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болса) (қолтаңбасы)
20____жылғы «___» ____________