Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 19 марта 2020 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»

Ереже · № 5-2 · қабылданған 11.07.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2020-no-37-4/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 19 марта 2020 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области» Күшін жойған Ереже ·№ 5-2 ·11.07.2023
24.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 19 марта 2020 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 5-2 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 19 марта 2020 года № 37-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 37-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5-2
Қабылданған күні
11.07.2023
Көрсетілген редакция
24.10.2023 183963_663896.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23SI755615
ЭКБ идентификаторы
183963
Редакция идентификаторы
183963_663896
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:56

0 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының

2020 жылғы 19 наурыздағы № 37-4 «Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 37-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6137 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтылулар енгізілсін:
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

1

«1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.»;
4-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

4

«4. Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 170-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне енгізілмеген, емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедектігі бар балаларға және мүгедектігі бар адамдарға жан басына Мағжан Жұмабаев ауданының аудандық ауруханамен ұсынатын тізім бойынша, әр ай сайын 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде беріледі.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін санаторлық-курорттық емделуге, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде жеке көмекшінің еріп жүруіне 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік такси қызметін ұсынуға және инватакси қызметтерін көрсетуге дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы