О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Дайырского сельского округа Зайсанского района от 19 июня 2020 года № 4 «Об установлении ограничительных мероприятий на крестьянское хозяйство «Жарас» участка Күшікжал Дайырского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Дайырского сельского округа Зайсанского района от 19 июня 2020 года № 4 «Об установлении ограничительных мероприятий на крестьянское хозяйство «Жарас» участка Күшікжал Дайырского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Дайыр ауылдық округіне қарасты Күшікжал учаскесінде «Жарас» шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 21.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2020 146629_481786.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VKE07564
- ЭКБ идентификаторы
- 146629
- Редакция идентификаторы
- 146629_481786
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:43
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Дайыр
ауылдық округіне қарасты Күшікжал учаскесінде
«Жарас» шаруа қожалығының мүйізді ірі қара
малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»
Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы
19 маусымдағы № 4 шешімінің күші жойылды
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 тамыздағы № 557 ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округіне қарасты Күшікжал учаскесінде «Жарас» шаруа қожалығына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 4 «Дайыр ауылдық округіне қарасты Күшікжал учаскесінде «Жарас» шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылдың 23 маусымында № 7208 болып тіркелеген, 2020 жылдың 27 маусымдағы «Достық» газетінде жарияланған және 2020 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.