О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Шымкент от 19 марта 2021 года № 184 «Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2021 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Шымкент от 19 марта 2021 года № 184 «Об утверждении объемов субсидий на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2021 год»
- Атауы (қаз.)
- «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1552
- Қабылданған күні
- 07.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2021 161507_549242.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21E0025725
- ЭКБ идентификаторы
- 161507
- Редакция идентификаторы
- 161507_549242
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:20
0 «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы»
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 184 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №157 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулы мынадай мазмұндағы 1.1.-тармақпен толықтырылсын:
1.1 «1.1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
9 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Шымкент қаласының әкімі
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1552 қаулысына 1-қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы «19» наурыздағы
№184 қаулысына 1-қосымша
2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидия көлемі
Субсидия соммасы, теңге
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1.1.
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
бас/шағылыстыру маусымы
10 000
3 373
33 730 000
2.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
2.1.
Отандық
сатып алынған бас
150 000
343
51 450 000
2.2.
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
80
12 000 000
Сүтті жәнесүтті-етті мал шаруашылығы
3.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу
3.1.
Отандық
сатып алынған бас
200 000
67
13 400 000
3.2.
Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
сатып алынған бас
400 000
68
27 200 000
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
4.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
сатып алынған бас
60
343 300
20 598 000
Қой шаруашылығы
5.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
5.1.
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
бас/ шағылысумаусымы
4 000
3 432
13 728000
5.2.
Қойлардың тауарлық аналық басы
2 500
12 417
31 042 500
5.3.
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
15 000
4 061
60 915 000
Шошқа шаруашылығы
6.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
бас/шағылысу маусымы
40 000
740
29 600 000
Барлығы
293 663 500
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
7.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
тiрiдей салмағы, килограмм
200
444 250
88 850 000
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
8.
Сүт өндіру құнынарзандату:
8.1.
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
өткізілген немесе өңделген килограмм
20
6 022 473
120 449 460
8.2.
Ауыл шаруашылығы кооперативі
20
3 318 659
66 373 180
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
9.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату:
9.1.
100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген дана
1,2
90 000 000
108 000 000
9.2.
20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
1
28 166 556
28 166 556
Етті құсшаруашылығы
10.
Құс етін өндіру құнын арзандату:
10.1.
500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
өткізілген килограмм
50
1 201 746
60 087 300
Барлығы
471 926 500
Жергілікті бюджет есебінен бөлінген субсидиялар көлемдері
11.
Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
килограм
60
38 900
2 334 000
Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
12.
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
бас
35 000
1 865
65 275 000
12.1.
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
50 000
1 107
55 350 000
12.2.
Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды аналық бас
70 000
275
19 250 000
13.
Қойлардың аналық басы
8 000
10 832
86 656 000
14.
Жылқының аналық басы
30 000
650
19 500 000
15.
Шошқалардың аналық басы
7 000
392
2 744 000
Барлығы
251 109 000
10 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
Шымкент қаласының әкімі
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1552 қаулысына 2-қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы «19» наурыздағы
№184 қаулысына 2-қосымша
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге
Өлшемшарттары
Өтінім беру мерзімі
1
Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы (Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған)
бас
70 000
1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 100 бастан кем емес болуы;
3) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.
Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін
2
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
бас
50 000
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.
3
Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
бас
50 000
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
4
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
бас
35 000
1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;
5
Қойлардың аналық басы
бас
8 000
1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
6
Жылқылардың аналық басы
бас
30 000
1) өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;
7
Шошқалардың аналық басы
бас
7 000
1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
Ескертпе:
Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.
Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.