О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 236 «Об утверждении Правил предоставления земельного участка во временное безвозмездное пользование по договорам государственно-частного партнерства, в том числе по договору концессии для строительства, реконструкции и эксплуатации оборонных объектов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 236 «Об утверждении Правил предоставления земельного участка во временное безвозмездное пользование по договорам государственно-частного партнерства, в том числе по договору концессии для строительства, реконструкции и эксплуатации оборонных объектов»
- Атауы (қаз.)
- «Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 216
- Қабылданған күні
- 04.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2024 195343_695661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034229
- ЭКБ идентификаторы
- 195343
- Редакция идентификаторы
- 195343_695661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:51
0
«Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22583 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабы 2-тармағының 26-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жекеше әріптеске немесе концессионерге уақытша өтеусіз пайдалануға беруге жататын жер учаскесін бөлген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 180 бұйрығымен бекітілген Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларының талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28399 болып тіркелген) сәйкес жерге орналастыру жобасы жасалады.
Жерге орналастыру жобасын бекіткеннен кейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын жасау жүргізіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі