Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 47 «Об утверждении Правил предоставления за счет бюджета (сметы расходов) Национального Банка Казахстана грантов для проведения исследований по приоритетным направлениям деятельности Национального Банка Казахстана»

Қаулы · № 95 · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2021-no-47-ekb-228478/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 47 «Об утверждении Правил предоставления за счет бюджета (сметы расходов) Национального Банка Казахстана грантов для проведения исследований по приоритетным направлениям деятельности Национального Банка Казахстана» Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 95 ·31.07.2026
31.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 47 «Об утверждении Правил предоставления за счет бюджета (сметы расходов) Национального Банка Казахстана грантов для проведения исследований по приоритетным направлениям деятельности Национального Банка Казахстана»

Мәртебесі расталмаған Қаулы ·№ 95 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 апреля 2021 года № 47 «Об утверждении Правил предоставления за счет бюджета (сметы расходов) Национального Банка Казахстана грантов для проведения исследований по приоритетным направлениям деятельности Национального Банка Казахстана»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
95
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 I228478_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039488
ЭКБ идентификаторы
228478
Редакция идентификаторы
I228478_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.08.2026 03:32

0

«Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларында:
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Зерттеулер және талдама орталығы – департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 95 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Ұлттық Банкінің
бюджеті (шығыстар сметасы)
есебінен
Қазақстан Ұлттық Банкі
қызметінің басым бағыттары
бойынша зерттеулерді
жүргізу үшін гранттар
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________________________________________________
(зерттеу тақырыбын көрсету)
тақырыбы бойынша зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінім

1 1. Ізденуші туралы мәліметтер:

1.1 Заңды тұлғаның атауы
1.2 БСН
1.3 Заңды мекенжайы
1.4 Ізденушінің бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
1.5 Ізденушінің қызмет түрі (растайтын құжат көшірмелерін қоса бере отырып, қызмет бағытын көрсету)
☐ зерттеу қызметі
☐ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызмет
☐ ғылыми қызмет
☐ деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу жөніндегі қызмет, оның ішінде сауалнама жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы
(қоса беріледі:
1) ізденуші жарғысының көшірмесі;
2) ізденушінің мемлекеттік лицензиясының және білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымшалардың көшірмесі (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға үшін);
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі (ғылыми қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға үшін)

2 2. Зерттеу жетекшісін қоса алғанда, жетекші орындаушылар және олардың біліктілігі туралы мәліметтер:

2.1 Зерттеу жетекшісі туралы мәліметтер
2.1.1 Зерттеу жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
2.1.2 Зерттеу жетекшісінің білімі туралы мәліметтер
1. Жоғары оқу орнының атауы және оқу елі:
_______________________________
2. Диплом бойынша біліктілігі (мамандығы):
_______________________________
3. Академиялық дәреженің атауы (бакалавр / магистр):
_______________________________
4. Аяқтаған жылы:
_______________________________
(дипломның көшірмесі қоса беріледі)
2.1.3 Зерттеу жетекшісінің ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер (бар болса)
1. Жоғары оқу орнының атауы және оқу елі:
_______________________________
2. Ғылыми дәрежесінің атауы:
_______________________________
3. Ғылыми дәрежесі берілген жыл:
________________________________
(ғылыми дәреже берілгені туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі)
2.1.4 Зерттеу жетекшісінің қазіргі жұмыс орны және лауазымы
2.1.5 Зерттеу жетекшісінің зерттеу тақырыбына қатысты жұмыс өтілі мен функцияларын көрсете отырып, зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер
2.1.6 Бар болса, зерттеу жобасы туралы қысқаша ақпарат (жобаның мерзімі, атауы, мақсаты, жобадағы рөлі, бар болса жоба қорытындысы бойынша жарияланым) көрсетілген зерттеу жетекшісі қатысқан зерттеу жобалары туралы мәліметтер
2.1.7 Зерттеу жетекшісінің зерттеу тақырыбына сәйкес саладағы жарияланымдары туралы ақпарат
(жарияланым қоса беріледі не тиісті дерекқордағы жарияланымға сілтеме және (немесе) Digital Object Identifier DOI көрсетіледі)
2.1.8 Бар болса, зерттеу жүргізуге қатысуды негіздейтін зерттеу жетекшісінің негізгі жетістіктері туралы қосымша ақпарат
2.1.9 Зерттеу жетекшісінің байланыс деректері (телефоны және e-mail электрондық пошта мекенжайы)
2.2 Зерттеудің жетекші орындаушылары туралы мәліметтер (әрбір жетекші орындаушы бойынша ақпарат ұсынылады)
2.2.1 Жетекші орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
2.2.2 Жетекші орындаушының білімі туралы мәліметтер
2.2.3 Бар болса, жетекші орындаушының ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер
2.2.4 Жетекші орындаушының қазіргі жұмыс орны және лауазымы
2.2.5 Бар болса, жетекші орындаушының зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы және (немесе) жұмыс өтілі мен негізгі функциялары көрсетілген зерттеу жүргізуге жататын саладағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер
2.2.6 Бар болса, зерттеу жобасы туралы қысқаша ақпарат (кезең, атауы, мақсаты, жобадағы рөлі, бар болса жоба қорытындысы бойынша жарияланым) көрсетілген жетекші орындаушы қатысқан зерттеу жобалары туралы мәліметтер
2.2.7 Бар болса, жетекші орындаушының зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы жарияланымдары туралы ақпарат
(жарияланым қоса беріледі не тиісті дерекқордағы жарияланымға сілтеме және (немесе) Digital Object Identifier DOI көрсетіледі)
2.2.8 Бар болса, зерттеу жүргізуге қатысуды негіздейтін жетекші орындаушының рөлі мен негізгі жетістіктері туралы қосымша ақпарат

3 3. Осы өтінімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу шығыстарының сметасы және олардың негіздемесі.

4 4. Осы өтінімге 2-қосымшаға сәйкес зерттеу негіздемесі.

5 5. Дисклеймер (Ізденушінің міндеттемелері).

Осы арқылы мыналарды:

1 1) өтінімде берілген мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын;

2 2) өтінім берілген сәтте ізденушінің тарату немесе банкроттық рәсімінде тұрған заңды тұлға болып табылмайтынын;

3 3) мыналармен:

іріктеу талаптарымен және шарттарымен, сондай-ақ Ұлттық Банктің грантын алу кезінде туындайтын міндеттемелермен;
Ұлттық Банк Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен гранттар беру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар);
авторларға арналған ғылыми жарияланымдардың көпшілік мақұлдаған этикалық нормаларымен және қағидаттарымен (Committee on Publication Ethics – COPE, https://publicationethics.org/) танысқанымды және жетекші орындаушыларды таныстырғанымды;

4 4) мыналармен:

өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды тәуелсіз рецензенттердің қарауына жіберуге;
Ұлттық Банктің шығыстар сметасын түзету туралы ұсынысын қарауға;
грант алушы туралы ақпаратты (заңды тұлғаның атауы, зерттеу тақырыбы және жетекші орындаушылар) Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялауға;
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, Ұлттық Банктің өтінімдегі және (немесе) оған қоса берілетін құжаттардағы дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға беруіне;
дәйексіз деректерді және (немесе) құжаттарды ұсыну фактілері анықталған кезде ізденушілерді іріктеудің кез келген кезеңінде өтінімді қабылдамауға;
өтінімде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде Ұлттық Банкті дереу хабардар етуге;
Ұлттық Банктің жетекші орындаушылар туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұсынылған мәліметтерді тексеруіне және ұсынылған құжаттардың сақталуына;
Ұлттық Банктің зерттеу нәтижелерін өз қызметінде пайдалануына;
грант беру талаптарымен және Қағидалардың 27-тармағының 9) тармақшасында көзделген міндеттемелерді қабылдаумен;
жетекші орындаушының зерттеу жүргізуге тек бір ізденушіде және бір зерттеу тақырыбы бойынша қатысуына келісетінімді және жетекші орындаушылардың жазбаша келісімін алғанымды растаймын.
Осы өтінімге мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беремін (құжаттар тізбесі көрсетіледі):
Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденушінің уәкілетті өкілінің (сенімхат қоса беріледі) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда).
___________ қолы, күні

1.1 Зерттеу жүргізу үшін

грант алуға
ұсынатын өтінімге
1-қосымша
Нысан
Зерттеу шығысының сметасы және олардың негіздемесі

Шығыс бабы
Өлшем бірлігі
Құны (біреуінің), теңге
Саны (біреуінің)
Барлығы (теңге)
Шығыс бабының негіздемесі
1
2
3
4
5
6
7
1.
Еңбекақы төлеу шығысы, оның ішінде
Жалақы
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік аударымдар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі – МӘМС) аударымдар
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖБМЗЖ)
1.1
Зерттеу басшысына еңбекақы төлеу шығысы
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Орындалатын жұмыстың тізбесі:
1)...
2)...
Тарифтік мөлшерлеме –
Жалақы
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік аударымдар
МӘМС-ке аударымдар
ЖБМЗЖ
1.2
Жетекші орындаушылар
1.2.1
Жетекші орындаушыға еңбекақы төлеу шығысы
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Орындалатын жұмыстың тізбесі:
1)...
2)...
Тарифтік мөлшерлеме –
Жалақы
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік аударымдар
МӘМС-ке аударымдар
ЖБМЗЖ
1.2.2

1.2.n
1.3
Қосымша тартылатын орындаушыларға ақы төлеу шығысы (студенттер, магистранттар, аспиранттар және басқа адамдар)
1. Саны –
2. Еңбекақы төлеу үшін мөлшерлемені негіздеу:
3. Қажеттілігі мен тартуды негіздеу және зерттеудегі рөлі:
Жалақы
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік аударымдар
МӘМС-ке аударымдар
ЖБМЗЖ
2.
Іссапар шығысы
2.1
тәуліктік төлем (іссапарлардың және адамдардың, адам күндерінің санын көрсету)
2.2
тұру (іссапарлардың және адамдардың, адам күндерінің санын көрсету)
2.3
жол жүру (іссапарлардың және адамдардың санын ашып жазу)
3.
Үстеме шығыс
3.1
3.2

3.n
4.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, барлығы
4.1
4.2

4.n
5.
Алдыңғы тармақтарда көрсетілмеген шығыс, барлығы
5.1

5.2

5.n
ЖИЫНЫ
x
x
x
1, 2, 3, 4 және 5-жолдардың қосындысы
x
Қосылған құн салығының сомасы (бұдан әрі – ҚҚС)*
ҚҚС сомасын қосқанда жиыны
Шығыс сметасы Excel форматындағы кестеде ұсынылады.
Кестеде шығыстың әрбір бабына негіздеме және түсіндірме, қосымша жан-жақты есептер түрінде зерттеуге қажеттілігі мынаны ескере отырып көрсетіледі:

1 1. Жетекші орындаушылардың және қосымша тартылған орындаушылардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстың баптары бойынша:

1.1 Зерттеу жетекшісінің және зерттеудің жетекші орындаушыларының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар аты-жөнімен көрсетіледі.
«Жалақы» деген жолда қызметкерден ұсталатын салықтар мен жарналар сомасын қоса алғанда, жалақы көрсетіледі.
Зерттеу жетекшісінің және зерттеудің жетекші орындаушыларының «жалақысы» деген жол бойынша:
3-бағанда сағат өлшем бірлігі ретінде көрсетіледі;
4-бағанда тарифтік мөлшерлемені 164** бөлу арқылы айқындалатын сағаттық мөлшерлеме көрсетіледі. «Тарифтік мөлшерлеме» ретінде ізденушінің ұйғарымы бойынша мына мәндердің бірі қолданылады:

1 1) егер орындаушы ізденушінің штаттық қызметкері болып табылса, ізденушінің орындаушысына белгіленген нақты лауазымдық жалақы (айлық);

2 2) ізденушінің ұқсас позициясының (лауазымының) жалақысына (лауазымдық айлықақысына) баламалы бір айға еңбекке ақы төлеу мөлшерлемесі;

3 3) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын лауазымдар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы штаттық профессор-оқытушылар құрамының ең төменгі айлық жалақысы;

4 4) мемлекеттік статистика саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган жариялаған соңғы қолжетімді кезеңдегі орташа жалақы;

5-бағанда жоба бойынша жұмысқа жұмсалған сағаттардағы уақыт көрсетіледі. 5-бағандағы мән зерттеу ұзақтығынан аспайды;
6-бағанда 4 және 5-бағандар мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелетін мән көрсетіледі;
7-бағанда орындаушы орындайтын іс-шаралар, сондай-ақ 4-баған бойынша еңбекке ақы төлеудің сағаттық мөлшерлемесін есептеу үшін қолданылған тарифтік мөлшерлеме көрсетіледі. Бұл ретте ізденуші қол қойған жалақы мөлшерін және оның негіздемесін, қолданылған тарифтік мөлшерлемені есептеу зерттеуге арналған шығыстар сметасына және олардың негіздемелеріне қоса беріледі.
1.2 Қосымша тартылатын орындаушылардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыс.
Шығыстың осы бабы бойынша көмекші ретінде қосымша тартылған орындаушылардың (студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды қоса алғанда) еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыс аты мен тегі аталмай көрсетіледі.
Қосымша тартылатын орындаушылардың «жалақы» жолы бойынша әрбір позиция немесе функция бойынша мыналарды көрсету:
3-бағанда өлшем бірлігі ретінде сағат көрсетіледі;
4-бағанда жұмыспен толық қамтылған сағаттар үшін қосымша тартылатын орындаушылардың еңбекақы мөлшерлемесі көрсетіледі;
5-бағанда қосымша тартылатын орындаушылардың толық жұмыспен қамтылған сағаттардың жалпы саны көрсетіледі (толық жұмыспен қамтылған адам-сағат саны);
6-бағанда 4 және 5-бағандар мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелетін мән көрсетіледі;
7-бағанда еңбекке ақы төлеу үшін қолданылған мөлшерлеменің негіздемесін көрсете отырып, қосымша тартылатын орындаушыларды тарту қажеттілігі және олардың зерттеудегі рөлі көрсетіледі.

2 2. Зерттеу жүргізуге байланысты іссапар шығысының баптары бойынша:

1 1) іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін, оның ішінде жол жүру уақыты үшін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде тәуліктік төлемдер;

2 2) Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында тәулігіне 15 АЕК-тен аспайтын, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында тәулігіне 12 АЕК-тен аспайтын мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыс;

3 3) «Эконом» класты әуе билетінің немесе теміржол көлігінің құны бойынша межелі жерге бару және кері қайту жолақысы бойынша шығыс.

3 3. Үстеме шығыстардың баптары бойынша:

Үстеме шығыстар дегеніміз – ізденушінің үй-жайды, жабдықты ұстауға және олар бойынша амортизациялық аударымдарды, коммуникацияларға (телефон байланысы, интернет) және басқа да инфрақұрылымға (коммуналдық қызметтер және (немесе) пайдалану шығыстары) қол жеткізуге арналған шығыстарды, кеңсе шығыстары мен грантқа әкімшілік қызмет көрсетуді қамтитын зерттеуді орындауға жағдай жасау үшін жұмсайтын шығыстары.
Үстеме шығыстардың жалпы сомасы шығыстар сметасының 1-жолында көрсетілген еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сомасының ең көбі 15% (он бес пайыз) құрайды және 800 (сегіз жүз) АЕК-тен аспайды. Үстеме шығыстардың талдамасы мен негіздемесі талап етілмейді.

4 4. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстар.

Шығыстардың сомасы мен баптарын көрсете отырып, зерттеу жүргізу үшін қажетті (мысалы, бөгде ұйымдардың сауалнама жүргізу қызметтерін сатып алу және тағы басқалар) бөгде ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты материалдарды (қорларды) және шығыстарды қоса алғанда, материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
7-бағанда материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстар қажеттілігінің, жоспарланған бағалар мен көлемінің (санының) негіздемесі көрсетіледі.
Өтінім бере отырып, ізденуші грант алған кезде зерттеу орындаушыларын зерттеу жүргізу үшін үй-жаймен, коммуникацияларға және басқа да инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз етуге өзіне міндеттеме алады.
Ескертпе:
* Егер грант алушы ҚҚС төлеуші болып табылса, ҚҚС сомасы (пайызбен және тікелей есеп айырысу бірліктерімен) көрсетіледі;
** бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс уақытының орташа айлық балансы.

1.2 Зерттеу жүргізу үшін

грант алуға
ұсынатын өтінімге
2-қосымша
Нысан
Зерттеудің негіздемесі

1 1. Зерттеуге аннотация – зерттеу идеясының қысқаша сипаттамасы, шешу үшін зерттеуге қойылған проблемалар.

2 2. Зерттеу әдіснамасы:

1 1) зерттеудің негізгі ғылыми мәселелерінің сипаттамасы, зерттеуде қолдануға ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің негіздемесі және сипаттамасы;

2 2) зерттелетін тақырыпқа қатысты ғылыми зерттеулерге шолу (релеванттық жұмыстарға сілтемелер Гарвард стилінде ұсынылады), зерттеудің күтілетін нәтижелерін осындай белгілі нәтижелермен салыстыру;

3

3) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістерін, оның көздерін, деректерді алуға рұқсаттың болуын (не деректерді алуға берілетін рұқсаттарды сатып алу жөніндегі жоспарларды) және оларды зерттеу міндеттерін шешу үшін қолдануды, деректерді өңдеу тәсілдерін, сондай-ақ олардың дұрыстығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, пайдалануға ұсынылатын деректердің сипаттамасы.

3 3. Күтілетін нәтижелер:

1 1) сандық және сапалық сипаттамаларын және іске асыру нысанын көрсете отырып, жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже;

2 2) зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қолдану.

4 4. Зерттеу жүргізу барысында басқа жеке және заңды тұлғаларды тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып, оларды тарту.

5 5. Алдағы жұмыстың көзделген іс-шаралары, олардың ұзақтығы, негізділігі және орындалуы, жұмылдырылған жетекші орындаушылар, ізденушіде зерттеулер жоспарын іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық ресурстардың болуы көрсетілген, Гант диаграммасы түріндегі зерттеулер жоспары

6 6. Ізденушілерді іріктеу туралы хабарландыруда көзделген ақпарат.

7 7. Зерттеу негіздемесі 5000 (бес мың) сөзден аспайды, толыққанды болып табылады және онда URL сілтемесі жоқ.

2 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Басқармасы
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 95 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Ұлттық Банкінің
бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен
Қазақстан Ұлттық Банкі
қызметінің басым бағыттары
бойынша зерттеулерді жүргізу
үшін гранттар ұсыну
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Тәуелсіз рецензенттің ізденушімен мүдделер қайшылығының болуы не болмауы туралы хабарлама
Мен____________________________________________________________
(тәуелсіз рецензенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)
мыналар (керегінің астын сызу):
ізденушімен мүдделер қайшылығының болмағанын хабарлаймын және тәуелсіз рецензент ретінде өз қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстануға міндеттенемін;
мүдделер қақтығысының болғанын хабарлаймын, себебі (керегін белгілеу):
□ ізденушінің мүшесімін (қатысушысымын), әрекеттегі құрылтайшысымын;
□ ізденушінің басқару органының мүшесімін, жетекшісімін;
□ ізденушіден соңғы жыл ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы алдым немесе тікелей қаржылық қолдау алдым (егер болса, онда қандай қызметтер көрсеткенін көрсету)
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________________________________________________;
□ жетекші орындаушылармен, соның ішінде зерттеу жетекшісімен жақын туыстық байланыстарым бар (егер болса, онда жетекші орындаушының, соның ішінде ізденуші жетекшісінің тегін, атын және әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсету):
____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________;
□ мүдделердің алдыңғы тармақтарда көрсетілмеген әлеуетті қақтығыстары бар (егер болса, онда қайсысы екенін көрсету керек):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және осы хабарламаны толтыру кезінде ақпараттың дәйектілігіне жауап беремін.
20___жылы «____»________________ Қолы _____________

3 Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 95
қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Ұлттық Банкінің
бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен
Қазақстан Ұлттық Банкі
қызметінің басым бағыттары
бойынша зерттеулерді жүргізу
үшін гранттар ұсыну
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есеп

Шығыстар бабының атауы
Смета бойынша жоспарланған сома
Нақты жұмсалған сома
Үнем
Растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
...
...
Жиынтығы
Барлығы
Барлығы
Барлығы
Растайтын құжаттар бойынша қосымша:
1) … 2) … 3) …
Ұсынылған мәліметтер мен қоса берілген құжаттардың дәйектілігін және толықтығын растаймыз.
Грант алушының лауазымды адамы
_____________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Жетекші орындаушылар
_____________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Бухгалтер-экономист
_______________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Қолданыстағы