О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 октября 2021 года № 520 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки в иностранные государства гражданских служащих органов гражданской защиты Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 октября 2021 года № 520 «Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки в иностранные государства гражданских служащих органов гражданской защиты Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары азаматтық қызметшілерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 484
- Қабылданған күні
- 13.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2023 186093_656430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033411
- ЭКБ идентификаторы
- 186093
- Редакция идентификаторы
- 186093_656430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:51
0 «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары азаматтық қызметшілерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары азаматтық қызметшілерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24889 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, құтқарушыларының және өзге де жұмыскерлерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, құтқарушыларының және өзге де жұмыскерлерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары азаматтық қызметшілерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, құтқарушыларының және өзге де жұмыскерлерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, құтқарушыларының және өзге де жұмыскерлерінің шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының (бұдан әрі - Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары) 2-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, құтқарушыларының және өзге де жұмыскерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) шет мемлекеттерге бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарын өтеу тәртібін айқындайтын ерекшелігін ескере отырып әзірленді.
Осы Қағидалардағы Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының өзге де жұмыскерлері деп Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері және азаматтық қызметшілері танылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қызметкерлерге көлік шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстар және тәуліктік шығыстар Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес төленеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі